
Құрылым
Ғылыми кітапхана құрылымы
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі университеттің ғылыми кітапханасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оқу әдебиеттер абонементі, кітапхана қорларына ашық қолжетімді оқу залдары және көркем әдебиет қоры қызмет көрсетеді. Қызмет көрсету бөлімінің негізгі міндеті:
- студенттердің, профессор–оқытушылар құрамының, университет қызметкерлерінің ақпараттық сұраныстарына сәйкес дәстүрлі және электронды құралдарындағы ақпарат көздерімен ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету;
- оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктері мен қорлардың құрамын нақты өзара тәуелділікке келтіру мақсатында оқырман сұранысын қанағаттандыру дәрежесін зерттеу;
- оқырмандардың ақпараттық мәдениетін тәрбиелеу, оқу үрдісінде және ғылыми жұмыста ақпаратты іздеу және қолдану дағдыларын қалыптастыру;
- абонемент және оқу залдары арқылы өз пайдаланушыларына толық және сапалы қызмет көрсету үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Ғылыми кітапхананың меңгерушісі
(1 қабат 118 каб., ішкі тел. 223)
Университеттің құрылымдық бөлімшілерімен бірлесе отырып, ғылыми кітапхана қорын қалыптастыру жөніндегі ереже және тақырыптық-типологиялық жоспар негізінде университет профиліне сәйкес кітапхана қорын ұйымдастыру және жинақтау. Кітапхана қорын жоғары оқу орнының мамандықтары бойынша оқулық, оқу-әдістемелік, ғылыми және қосымша әдебиеттермен баспа және электронды түрде толықтыру. Оқырман активінің қаражатын толықтыру және қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оқырмандарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуді талдау. Өңдеу процесінде ақша қаражаттарының қозғалысын есепке алу және басқару. Кітапхана қорына және ақпараттық ресурстарға барынша қолжетімділікті қамтамасыз ету. Пайдаланушылардың сұраныстарына сәйкес электронды кітапхана қорын қалыптастыру. Кітапханалық-ақпараттық процестерді автоматтандыру арқылы көрсетілетін қызметінің сапасын арттыру.
Каталогтау және жүйелеу бөлімі
(4 қабат 422 каб., ішкі тел. 163)
Қорға түскен кітаптарды және басқа да құжаттарды кітапхана стандарттарына сәйкес жүйелеу, каталогтау, ғылыми өңдеу. Кітапхана қорын ашу мақсатында кітаптарды электронды каталогтарда құжаттарды өңдеу және көрсету, кітаптарды сканерлеу және цифрландыру. Пайдаланушылардың сұраныстарына сәйкес электрондық кітапхана қорын қалыптастыру және толықтыру. Университеттің https://esil.edu.kz/ru/ сайтында кітапхана қызметі мен жаңа оқу әдебиеттерінің түсуі туралы ақпарат беру. Негізгі кітапхана қызметтерін көрсету: анықтамалық-библиографиялық қызметтер, библиографиялық көрсеткіштерді құрастыру, библиографиялық анықтамаларды орындау; оқырмандарға кітаптарды таңдауда және оқу процесінде ақпаратты пайдалануда кеңестік көмек көрсету; пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін оңтайлы қанағаттандыру мақсатында зерттеу; оқырмандардың тақырыптық сұраныстары мен ауызша анықтамаларын орындау.
Оқу әдебиеттер абонементі
(1 қабат 117 каб., ішкі тел.: 177)
Кітапхана қызметін ұйымдастыру:студенттерді, оқытушыларды және университет қызметкерлерін тіркеу, электронды университет жүйесіндегі штрих-код арқылы кітап беру кезінде оқырмандарға электрондық формуляр қолдану. Оқырмандарды пайдалану ережелерімен және кітапхананың мүмкіндіктерімен таныстыру, оларды негізгі кітапхана қызметтерімен, университет кітапханасының оқу және ғылыми материалдарымен қамтамасыз ету. Кітапхана қорын ашу мақсатында электронды каталогта кітапхана қорының құжаттарын өңдеу және көрсету. Оқырмандар қарызын жою жұмыстарын жүргізу. Қорды ұтымды бөлуді, олардың сақталуын, сақтау режимін, қалпына келтіру мен консервациялауды жүзеге асыру.
Оқу залдары
(4 қабат 422,423, 425, 426 каб.)
Оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру: ашық оқу залдарында әдебиеттерді таңдауда кеңестік көмек көрсету, оқырмандардың тақырыптық сұраныстары мен ауызша анықтамаларын орындау. Оқу залдарында пайдаланушыларға ақпараттық және анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету, сондай-ақ оқырмандарды оқу материалдарымен қамтамасыз ету. Тақырыптық кітап көрмелерін, әдебиеттерге шолу көрмелерін, тақырыптық сөрелерді, атаулы күндердің күнтізбелерін, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру.
Қазақ тіліндегі оқу әдебиетінің оқу залы (423 каб.) – білім салаларына арналған қазақ тіліндегі оқулықтар, оқу құралдар мен оқу-әдістемелік құралдар.
Шетел әдебиеті оқу залы (425 каб.) – білім салаларына арналған ағылшын, француз, неміс, грек, қытай және т.б. тіліндегі оқулықтар мен оқу құралдары, сондай-ақ конференция материалдары мен шет тілінен қазақ тіліне аударылған 100 кітап.
Орыс тіліндегі оқу әдебиетінің оқу залы (426 каб.) – білім саласы бойынша орыс тіліндегі оқулықтар, оқу құралдар мен оқу-әдістемелік құралдары.
Көркем әдебиет қоры (422 каб.) – отандық және шетелдік жазушылардың қазақ және орыс тілдеріндегі көркем шығармалары.
Электронды зал
(4 қабат 424 каб.)
Негізгі кітапхана қызметтерін көрсету, кітапхананың электрондық ресурстарын құру, кітаптарды сканерлеу және цифрлау, құжаттарды электронды каталогқа өңдеу және енгізу. Пайдаланушыларға ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету, кеңестік көмек көрсету және оқырмандардың тақырыптық сұраныстарын орындау. Оқырмандарды сұраныстарға сәйкес Интернет ресурстарға, электрондық каталогтарға және басқа да қажетті ақпараттарға қолжетімді компьютерлермен қамтамасыз ету.
Кітапхана фойесінде тұрақты көрмелер орналасқан.
Оқырмандарға қызмет көрсету сапасын арттыру және ғылыми кітапхананың оқу залдарында ақпаратқа барынша қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін кітапхана қорына ашық қолжетімділік қарастырылған, бұл оқырманға жұмыс істеу барысында қажетті әдебиеттерді тауып, еркін алуға мүмкіндік береді. Қордың сақталуын қамтамасыз ету үшін оқу залдарында бейне бақылау жүйесі орнатылған.