
Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулықтар қазақ тілінде
![]() |
Мэнькъю Грегори Н., Тейлор Марк П. Экономикс: оқулық.-4-халықаралық басылам.-Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.-848 бет.
Оқулықта экономикалық қатынас субъектілерінің барлығын мысалға ала отырып жазылған кітап бакалавриат деңгейінде білім беру мен оқытуға қажет тапсырма, сызба, сурет, кесте, кейстерді қамтиды. |
![]() |
Куратко Д.Ф. Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика: оқулық.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.- 480 бет.
Бұл кітап ХХІ ғасырдағы экономикалық, қоғамдық және әлеуметтік дамудың басты қозғаушы күші болып саналатын кәсіпкерлік құбылысын теориялық және практикалық тұрғыдан зерделеуге арналған. Кәсіпкерлікті жете түсіндіру үшін оның негізгі кезеңдерін сипаттайтын - бастау, жоспарлау, қалыптасу және даму сатылары жүйелі әрі дәйекті түрде талданған. Кәсіпкерлік идеяны нарыққа шығаруға қажетті ойлау жүйесі мен инновацияның рөлі кеңінен ашып көрсетілген. |
![]() |
Шваб Клаус. Төртінші индустриялық революция: оқулық.-Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.- 200 бет. Бұл кітап адамзаттың ортақ болашағы үшін алаңдайтын және революциялық технологияларды қоғам тіршілігіне икемдеуге ниетті жасампаз ортаға арналған. Бүкіләлемдік экономикалық Давос форумының негізін қалаушы және тұрақты президенті Клаус Шваб осындай алапат өзгерістердің әлеуетін алдын ала болжап, терең байыптап, оны адамзат игілігіне жарату жолдарын қарастыратын еңбек жазған. |
![]() |
Гриффин Р. Менеджмент.-12-басылым: оқулық.-Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.- 768 бет. Кітап менеджмент саласында қалыптасқан дәстүрлі түсініктермен қатар, жаңа ұғымдар мен тұжырымдарды да қамтиды. Менеджер жұмысына тікелей және жанама әсер ететін этикалық бақылау, қоғамдық жауапкершілік, менеджмент саласының жаһандық сипаты, цифрлық технологиялар, теория мен тәжірибенің ұштасуы сынды категориялардың әрқайсысы нақты кейстер негізінде түсіндіріледі |
![]() |
Гэмбл Джон, Питереф Маргарет, Томпсон Артур. Стратегиялық менеджмент негіздері: бәсекелік артықшылыққа ұмтылу.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-536 б. Оқулықта қазіргі заманғы стратегиялық менеджменттің қыр-сырына баулитын жан-жақты талдау, мәселені терең талқылау мен келтірілген өзекті мысалдар, әлемге әйгілі компаниялардың тыныс-тіршілігінен қызықты мысалдар беріледі. |
![]() |
Уилтон Ник. NR-менеджментке кіріспе.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-532 б. Оқулықта ұйым қызметінің нәтижелі болуы, табысқа жетуі де осы ресурсты қалай басқарып және бағыттап ынталандырып отыруына байланысты. Адам ресурстарын басқару - NR-менеджменттің табылыстылығы әр қызметкерді тұтас механизмнің бір бөлшегі ғана емес, жеке адам, құндылықтары, мінезі, өмірлік тәжірибесі дара тұлға деп қабылдаудан басталуы көрсетілген. |
![]() |
Шиллинг Мелисса А. Технологиялық инновациялардағы стратегиялық менеджмент.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры .- 2019 .-380 б. Оқулықта инновациялық менеджмент стратегиялық процесс ретінде қарастырылады. Стратегиялық менеджмент процесін нақты көрсету үшін бәсеке динамикасы, бағалау стратегиясын қалыптастыру және стратегияларды жүзеге асыру мән-жайы автордың сөңғы онжылдықтағы зерттеу жұмыстары негізінде жан-жақты баяндалады. |
![]() |
Филипп. Котлер, Гари Армстронг. Маркетинг негіздері.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-736 б. Кітап қазіргі маркетинг аясындағы барлық түсініктер мен процестерге жан-жақты шолу жасай отырып, тұтынушы мен сатушы арасындағы байланысты егжей-тегжейлі қарастырады |
![]() |
Бове Куртланд, тилл Джон. Қазіргі бизнес-коммуникация.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-736 б. Оқулықта жетекші компаниялардағы даму сатылары түрлі мысалдармен беріліп, карьера жасағысы келген және оны әрі қарай дамытуды көздеген бизнес иелері үшін таптырмас бизнес-тәжірибе үлгілері, толымды зерттеулерге бай материалдар ұсынылған. Сонымен қатар медиа, хат, ұсыныс, аудиторияға бейімдеу, жарнама, презентация, резюме, сұхбат туралы тарқатылып, бизнес әлемінде коммуникацияның алар орны ерекше екені баяндалған. |
![]() |
Роббинс Стивен, Джадж имати. Ұйымдық мінез-құлық негіздері.-14 басылым.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-488 б.
Оқулықта ұйымның өзегі – қызметкерлердің мінез-құлқы әр алуан, әр адам жеке тұлға екенін ескеріп, оның тұлғалық ерекшелігі мен қызметі, ұйымның дамуына қосатын үлесі арасындағы байланысты басқару аса маңыздылығы көрстеліген. |
![]() |
Хилл Чарльз, Халт Томас. Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке.-12 басылым.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-720 б.
Оқулықта халықаралық нарықтағы бәсекенің қыр-сыры терең зерттеліп, жаһандық капитал нарығының тарихы, әлемдік нарықтағы құқықтық жүйенің қызметі, жаһандық сауда және инвестиция ағындары, халықаралықбизнестің құрылымы мен стратегиясы, қаржы менеджменті, халықаралық бизнес функциялары талқыланған. |
![]() |
ДиМаттео Ларри. Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта: транзакциялық тұрғыдан зерделеу.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-680 б. Оқулықта халықаралық деңгейде бизнес жүргізудің түрлі жолдары жан-жақты қарастырылады. Импорт пен экспорт, сауда-саттыққа қатысты дауды шешу, бизнес транзакцияларына қатысты күрделі мәселелер, халықаралық деңгейде бизнес жүргізудің құқықтық принциптері жүйе-жүйесімен баяндалады |
![]() |
Шо Малколм Н. Халықаралық құқық 1-кітап.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-584 б. Оқулықта халықаралық құқықтың пайда болуы мен дамуындағы философиялық, әлеуметтік көзқарастар, халықаралық сот процестері мен трибуналдың қызметтері нақты мысалдар арқылы баяндалады. Халықаралық шарттардың түрлері, шарт талаптары мен міндеттері туралы жан-жақты мәлімет қамтылған |
![]() |
Шо Малколм Н. Халықаралық құқық 2-кітап.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-624 б. Оқулық халықаралық құқықтағы юрисдикция, иммунитет, мемлекеттердің жауапкершілігі, мемлекеттердің мұрагерлігі, дауларды бейбіт шешу жолдары, шарттардың құқықтары мен міндеттері жөнінде мол мағлұмат қамтылған. Автор Халықаралық сот, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Қауіпсіздік Кеңесі мен басқа да халықаралық ұйымдардың құрылымы туралы мәлімет келтіре отырып, олардың қызметін нақты мысалдар арқылы баяндайды. |
![]() |
Трагер Роберт. Дипломатия: коммуникация және халықаралық тәртіп негіздері.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-256 б.
Оқулықта дипломатиялық амал-тәсілдердің халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлі қарастырылады. Басты зерттеу нысаны – «құпия дипломатия» және оның механизмдері көрсетілген. Дипломаттар мен мемлекет басшылары өз одақтастары мен қарсыластарының ниет-пиғылы, мүддесі мен жоспары туралы қалайша ой түйеді деген сұраққа автор айрықша мән берген. |
![]() |
Бринкерхоф Д., Уейтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері: оқу құралы.-9-басылым.-Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.- 464 бет. Оқулық қоғам және оның құрылымы, қоғамдағы түрлі әрекеттер мен мінез-құлықтар туралы, адамның рухани және материалдық мәдениеті мен құндылықтары жөнінде кең мағлұмат береді. Әлеуметтанудың негізгі ұғымдарын, зерттеу әдістері мен теорияларын саралап, әлеуметтанушы мамандардың оқу орнындағы, үкіметтегі, бизнестегі, коммерциялық емес ұйымдардағы және қоғамдағы рөлін көрсетеді. |
![]() |
Ритцер Д., Степницки Д. Әлеуметтану теориясы: оқулық.-10-басылым.-Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.-856 бет.
Әлеуметтану ғылымының даму ерекшеліктері тарихи тұрғыдан баяндалатын бұл кітапта әлеуметтану ғылымының өзекті мәселелерін классикалық және қазіргі көзқарастармен ұштастырған. Микро-, макроинтеграциялық және басқа да теориялар әлеуметтану ғылымының көппарадигмалық мазмұнын жан-жақты көрсетеді. |
![]() |
Маейрс Д., Туенж Ж. Әлеуметтік психология: оқулық.-12-басылым.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.-648 бет. Оқулықта күнделікті өмірде кездесетін әлеуметтік құбылыстардың психологиялық астары жан-жақты қарастырылған. Жеке тұлға, топ ішіндегі қарым-қатынас, тұлғаның түрлі әлеуметтік процестердегі рөлі, негізгі қызметі, даму өрісі сияқты әлеуметтік құбылыстардың психологиялық заңдылықтары заманауи зерттеулермен толықтырылып, тәжірибелік мысалдармен дәйектелген. |
![]() |
Аронсон Эллиот. Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе.-11 басылым.-Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.-408 бет.
Бұл кітап әлеуметтік психологияның жаңа қырларын ашады. Жоғары оқу орындарының студенттеріне, сондай-ақ қалың оқырман қауымға да қызықты бұл оқулық адамның сыртқы ортаға бағынуы, жағдайға мойынұснуы, өзін-өзі ақтап алуы, көзсіз мсенімге еруі, ұнатуы, ашуға бой алдыруы, үгіт-насихат жетегінде кетуі сияқты маңызды факторларды нақты мысалдар арқылы саралайды. |
![]() |
Шульц Д.П., Шульц С.Э. Қазіргі психология тарихы.-11-басылым.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.-648 бет. Психологияның пән ретінде қалыптасуынан бастап, ондағы түрлі ағымдар мен көзқарастарды ойшылдардың жеке өмірі мен оған айтылған сын-пікірлер арқылы баяндайтын оқулық аталмыш саладағы соңғы жаңалықтарды қамтиды |
![]() |
Уоллейс П. Интернет психологиясы.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-356 б. Оқулықта киберкеңістіктің психологиялық қырлары, интернеттің адам мінез-құлқына әсері туралы күрделі мәселелерді қарастырады. Классикалық және заманауи зерттеулерге сүйене отырып, интернет технологиясындағы жаңа үрдістерді – онлайе-танысу, онлайн-агрессия, топтық динамика, бала тәрбиесі, проәлеуметтік мінез-құлық, онлайн ойындар, құпиялық және бақылау, желіге тәуелділік пен желіні қалыптастырудың стратегияларын зерттейді. |
![]() |
Тер-Минасова С.Г. Тіл және мәдениетаралық коммуникация.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.-320 бет. Бұл оқулық түрлі ұлт, мәдениет өкілдерінің өзара ұғынысып, ортақ тіл табысуы үшін не маңызды екенін егжей-тегжейлі түсіндіреді. Мәдениетаралық коммуникация - бүгінде кез келген салада қызмет ететін маманға, әр адамға қажетті жаңа пән. |
![]() |
Фромкин В., Родман Р., Хайамс Н. Тіл біліміне кіріспе.-10-халықаралық басылым.-Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.-608 бет. Кітапта тіл ғылымы, фонетика, грамматика, морфология мен, синтаксис мәселелері баяндалады. Тілдік өзгеріс, тілді меңгеру, жазба тілдің негіздері, тіл және адам миы сияқты жекелеген мәселелер де қамтылған |
![]() |
Лотман Юрий. Семиосфера.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-640 б. Автор оқулықта тілдердің жойылып кетпеуі мен үнемі қолданыста болуы үшін қажет коммуникация алғышарттарына тоқталады. Семиотика кеңістігін түгелдей бүтін бір жүйе немесе ағза ретінде қаоарастыруды ұсынады. Сонымен қатар семиосфераны сипаттайтын белгілерді, олардың қызметін, семиотикалық процесстер мен семиозис құбылысын түсіндіреді. Семиосфераның ішкі құрылымы және заңдылықтарын, өзге де семиотикалық құбылыстарды жатық тілмен жеткізеді. |
![]() |
Пинкер Стивен. Тіл - инстинкт.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-386 б.
Оқулықта көпшілік ойындағы тілге қатысты сан түрлі сұраққа жауап береді. Зерттеуші тіл ғылымы саласындағы тіл мен сананың байланысы туралы соны жаңалықтар мен ғылыми ортаның соңғы жетістіктерін талдап, тілдің қызметі қалай жүзге асатынын, баланың тілді қалай үйренетінін мысалдар арқылы егжей-тегжейлі түсіндіріп, дәлелді де нақты тұжырымдар жасайды. |
![]() |
Янсон оре. Тіл тарихы: кіріспе .- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-244 б. Оқулықта ежелгі дүниеден тартып, уақыт ағысына ілесе отырып, бүгінгі күнді көктей өтіп, алыс болашаққа шолу жасайтын тілдердің жалпы даму тарихы басталады. Тілдің тарихтағы рөлін көрсету үшін, әлемдегі тілдерге қатысты үлкен мәселелермен қатар, көпшілікке көп белгілі емес, қалтарыста қалып келген тақырыптар да қамтылған. |
![]() |
Элен Битэм, Рона Шарш. Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу. ХХІ ғасырдағы оқыту дизайны .- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-328 б. Оқулықта ХХІ ғасырдағы педагогиканың дамуы, оқытуды жеке тұлғаға бейімдеу, қолжетімді әрі тиімді жоспарлау мен оны жүзеге асыруға бағытталған жобалар қарастырылады. Оқу қызметін электрондық және мобильді технологиялар контексінде зерттей отырып, авторлар білім берудің техно-бағдарлы болашағын кеңінен баяндайды |
![]() |
Шунк Дейл Х. Оқыту теориясы: білім беру көкжиегі.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-608 б. Оқулықта оқыту туралы негізгі теориялық принциптерге, концептілер мен ғылыми-зерттеу нәтижелеріне жаңаша көзқарастар ұсынылады және оны заманауи мектептерге қолдану мәселесіне баса назар аударады. Кейінгі тарауларда нейроғылымның білімге ықпалы, әлеуметтік-танымдық оқыту мәселелері, ақпаратты өңдеу теориясы, және т.б. талқыланады. |
![]() |
Райан Майкл. Әдебиет теориясы: кіріспе.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-292 б.
Оқулықта әлемдік әдебиеттану ғылымының өзекті тақырыптары саналатын – орыс формализмі, жаһандану, таным, эмоция, эволюция, әдебиет сыны мен теориясының мақсаттары және олардың нейробиологиямен қарым-қатынасы сияқты аса ауқымды теориялық ұғымдар кеңінен және терең сараланған. |
![]() |
Әдебиет теориясы: Антология. 1-том / Джули Ривкин, Майкл. Райана.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-568 б. Оқулық әлемдік әдебиет теориясының тың зерттеу бағыттарымен таныстырады және структурализм, постструктурализм, лингвистика, нарратология, феноменология, эмпирикалық зерттеулер бағытындағы құнды пікірлер мен тың көзқарастар топтасқан. Сонымен қатар бұл еңбекте телевизиялық сериалдарды талдаудың айрықша зерттеу тәсілдері де сөз болады. |
![]() |
Әдебиет теориясы: Антология. 2-том / Джули Ривкин, Майкл. Райана.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-372 б.
Оқулық постструктурализм ағымын жан-жақты саралауға арналған философиялық толғамдарға және оның әдебиетпен, тіл білімімен, психологоямен арақатынасына арналады. Жазу мен сөйлеудің байланысы, таңбаның классикалық теориясын жаңаша пайымдау, бейсаналық пен тіл, автор мен шығарма сияқты күрделі мәселелер кеңінен қозғалады. |
![]() |
Әдебиет теориясы: Антология. 3-том / Джули Ривкин, Майкл. Райана.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-440 б. Оқулықта еңбек мәселесі, мемлекет пен идеология, тарихшылдық, тарих философиясы, құрылымдар, һабитус, ориентализм, отарлық, жаһандану, мәдени бірегейлік пен диаспора, аударма, эмпиризм, этика тәрізді ауқымды мәселелер теориялық тұрғыда жан-жақты зерделенеді |
![]() |
Әдебиет теориясы: Антология. 4-том / Джули Ривкин, Майкл. Райана.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-452 б.
Оқулықта ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазірге дейін әдебиет теориясының қалыптасуы, даму бағдары және оған ықпал еткен факторлар туралы жан-жақты түсінік беретін америкалық және еуропалық ғалымдардың эсселері топтастырылған. |
![]() |
Ли Энн Пек, Гай С. Рил. Медиа этика. Жас мамандардың тәжірибесінен.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-304 б.
Оқулық студенттер мен жас мамандарға бұқаралық ақпарат саласында кездесетін этикалық мәселелерді шешу жолдарын көрсетуге арналған. Еңбекке жарнама, жаңалықтар, қоғамдық қатынастар саласында жұмыс істейтін жас мамандар тап болған күрделі мәселелер мен шынайы оқиғалар арқау болған. Әрбір жағдаят кеңінен баяндалып, қатысушылар әрекеті арқылы жан-жақты ашылып көрсетіледі. |
![]() |
Бейнбриж Жейсон, Гок Никола, Тайнан Лиз. Медиа және журналистика: теория мен практикаға жаңа көзқарас.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019.-592 б. Оқулықта медиа мен журналистика ұғымының тарихы, медиаиндустрия өнімдері, медиаға анализ жасайтын тәсілдер, жаңалықты тарату жолдары және медиаконтент, қазіргі және келешек коммуникацияның толық анықтамалығы түзілген. Ақиқатты айту, халықтың ақпаратты білу құқығын құрметтеу этикасынан бөлек медиа маманы ретінде қоғам игіліне адал қызмет ету жолдарын көрсетеді. |
![]() |
Барнард А. Антропология тарихы мен теориясы.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.- 240 бет. Оқулық мазмұны антропология ғылымының қалыптасу тарихын, ондағы эволюция теориясы туралы тұжырымдарды, тарихи-мәдени аймақтар теорияларын, құрылымды-функционализм, процессуалдық және маркстік көзқарастағы зерттеулерді, релятивизм, структурализм мен постструктурализмнің түрлі салаларын және енді ғана қалыптасып жатқан интерпретациялық және постмодернистік көзқарастарға қатысты тақырыптарды кеңінен қамтыған. |
![]() |
Данн Росс Е. Panorama: Дүниежүзі тарихы. 1-кітап.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-532 б.
Оқулық адамзат тарихының кең шалқары кезең-кезеңімен суреттеледі. Адамзаттың дамуын, дүниежүзін игеруін, ықпалды мемлекеттер құруының көне дәуірден басталған қилы кезеңдерін жан-жақты зерттеп, бұлтартпас тарихи деректерді сөйлете отырып сипаттайды. |
![]() |
Данн Росс Е. Panorama: Дүниежүзі тарихы. 2-кітап.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-492 б. Оқулықта адамзат тарихының даму жолы кезең-кезеңімен суреттеледі. Жаңа заман және қазіргі заман тарихынан бүгінгі күнге дейінгі адам баласы жұріп келе жатқан жол осы кітапта жан-жақты және бұлтартпас тарихи деректерді сөйлете отырып сипатталады. |
![]() |
Саид Эдуард Уади. Ориентализм.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-492 б. Оқулық гуманитарлық білімге өзгеше ықпал жасап, постколониялық зерттеулерге негіз салады. Автор еңбегінде бұл тақырыпқа арналған көп зерттеулер Шығыстың шынайы келбетін ашып көрсете алмайтынын, Шығыс әлемі жайлы кез келген ой белгілі бір сүзгіден өтіп барып жарияланатынын айтады. Дәлел ретінде Ұлыбритания, Франция, АҚШ ғалымдарының ориенталистік мәтіндерін мысалға келтіреді. |
![]() |
Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.- 608 бет. Бұл еңбекте философиялық ойдың даму тарихына айрықша үлес қосқан танымал 15 ойшылдың шығармашылығы топтастырылған. Автор Батыс дәстүріндегі көрнекті философтардың негізгі еңбектері мен теорияларын оқырмандарға кезең-кезеңмен таныстыруды көздейді. |
![]() |
Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.- 608 бет. Бұл кітап батыстың аса көрнекті ойшылдары және олардың шығармаларымен таныстырады. Осы күрделі міндетті жеңілдету мақсатында, ол батыс философияны дамуының елеулі кезеңдерін көрсетеді деген 25 шығарманы іріктеп ұсынған. Бұл шығармалар әлемдік ақыл-ой дамуының белесті кезеңдері мен бай қазынасын танытады. Жимнақта философиялық шығармадағы түйінді идеялар талданып, түсіндірме берілген. |
![]() |
Кенни Энтони. Батыс философиясының жаңа тарихы. Антика философиясы.-1 том.-Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.-408 бет.
Ежелгі Жерорта теңізі маңындағы философияның тууы және өркендеуі, ойлау мен пайымдаудың өрісі жөніндегі бұл тамаша тарихи баян Батыстағы ой мен қоғам дамуының бағыт-бағдарына арналған. Бұл кітап Батыс өркениетінің түп-тамырын түсінгісі келетін орта үшін философия тарихына арналған төрт бөліктен тұратын топтаманың бірінші томы. |
![]() |
Кенни Энтони. Батыс философиясының жаңа тарихы. Орта ғасыр философиясы.- 2 том.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.- 400 бет.
Оқулықта Батыс философиясының жаңа тарихы жөніндегі еңбегін б.д.д. 400 жылдан, яғни христинадық және исламдық ой-сананың негізін салушылардан Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі аралықты қамтитын кезеңді баяндау арқылы жалғастырады. Орта ғасыр - философияның гүлдену кезеңі. |
![]() |
Кенни Энтони. Батыс философиясының жаңа тарихы. Қазіргі заман философиясының бастауы. 3-том.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-412 б. Оқулық әлемдік ой тарихының ХVІ ғасырдың басынан ХІХ ғасырдың алғашқы жылдарына дейінгі кезеңін қамтиды. Философия ежелгі заманда және орта ғасырларда қалыптасқан ең құнды деген құралдардың кейбірінен бас тарса да,осы үшінші томда қамтылатын кезең философтары тұрақты құндылықтарды орнықтыра түсуге қомақты үлес қосты. |
![]() |
Кенни Энтони. Батыс философиясының жаңа тарихы. Қазіргі заман философиясы. 4-том.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-420 б. Оқулықта классикалық Грекия мен Римдегі философия сипатталды және ХХ ғасырдың соңғы жылдарына дейінгі аралықтағы философия қамтылады |
![]() |
Гомбрих Э. Өнер тарихы.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры.-2019.-680 б. Оқулықта тасқа салынған ежелгі кескіндерден бастап, қазіргі кезеңге дейінгі өнер тарихына жан-жақты шолу жасалады. |
![]() |
Армстронг К. Иудализм, христиндық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.- 432 бет. Автор бір кітаптың шеңберінде монотеизмнің тұтас тарихын қамтыған - Ыбырайымнан біздің заманымызға, антикалық философиядан ортағасырдағы мистицизмге, Қайта өрлеу мен реформашылық дәуірдегі рухани ізденістерден қазіргі заманғы скептицизмге дейінгі Жаратушыны тану тарихын баян еткен. Яхудилік, христиандық пен исламның өрісі аясында адамзат ақыл-ойының Жаратушы туралы ұғым-түсінігінің даму кезеңдерін көрсеткен. |