версия для слабовидящих

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ, ПЕДАГОГ КӨЗІМЕН

2020 жылдың 16- наурызынан бастап ел студенттері Білім және ғылым министрлігінің шешімімен қашықтықтан оқыту технологиясымен білім алуда.

 

image001.png

 

Қазақ экономика қаржы және халықаралық сауда университетінің профессорлық- оқытушылық құрамы да қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы сабақ өткізіп, студенттер қашықтықтан білім алуда.

 

image002.png

 

Қашықтықтан оқытудың өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері орын алуда.

Артықшылығы- бұл курс бойынша жүктелген материалдарды студенттің кез- келген уақытта қарап, игере алуы.

Әр студент оқу материалдарын өз қарқынына қарай игеріп, жүктелген дәрістерді, видео дәріс материалдарын бірнеше рет қарап, күрделі сұрақтарды терең меңгеруге мүмкіндік алады.

Қашықтықтан білім алудың тағы бір артықшылығы, қашықтықтан білім алу арқылы студент жоғары баға алу мүмкіндігіне ие.

Ғалымдардың зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қашықтықтан оқыту нәтижелерінен алған бағалар, дәстүрлі білім беруде алған бағалардан жоғары екендігін көрсетті.

Оқу материалдрын студенттер өздігімен оқитын болғандықтан тақырыптарды есте сақтау, түсіну қабілеті артады.

Қашықтақтан оқу барысында студент жаңа технологияларды, программалық бағдарламалармен танысуға мүмкіндік алады.

 

 

image004.png

 

Оқытушы мен студент арасындағы байланыс әртүрлі әдістермен on-line және off-line арқылы жүзеге асады.

Электронды почта арқылы кеңес беру, студенттер жіберген материалдарды қарап, сұрақ- жауап жазу қазіргі жағдайда оте тиімді болуда.

Қашықтықтан оқитын студенттер үшін оқулық пен әдістемелік кешеннің жетіспеушілігі сияқты мәселелер орын алмайды. Барлық әдебиеттерге қолжетімділік университеттің қашықтықтан оқыту порталында немесе оқытушының жеке почтасы арқылы жүзеге асады.

 

image006.png

 

Қашықтықтан оқыту жұмыстары үшін студентке де, сабақ беретін оқытушыға да үлкен мотивация қажет.

Елдегі төтенше жағдайға байланысты ҚР БҒМ адамдардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігі үшін барлығын оқшау оқытуға шешім қабылдады.

Қашықтықтан оқытудағы кемшіліктердің бірі практикалық білімнің жетіспеушілігі. Практика көбірек бағытталған пәндерді қашықтықтан оқыту қиынға соғады.

Қашықтықтан оқытудағы негізгі қиыншылық жекелеген оқытушылар мен студенттердің компьютерлік сауатсыздығы.

Тағы бір кемшіліктердің бірі тыңдаушылардың идентификациялау мәселесі. Порталдың жұмыс жасамауы, интернеттің үзіліп қалуы, ауылдық жерде тұратын студенттердің интернетке қолжетімсіздігі.

 

image007.png

 

Қашықтықтан оқыту жаңа технологияларды, жаңа бағдарламаларды игеріп, профессионалды дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.

Барлық оқытушылар мен студенттерге тілерім осындай қиын сәттерде еңбектері мен білім алуда үлкен сәттілік, шыдамдылық, төзімділік.




Календарь новостей

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4