версия для слабовидящих

ЖАРҚЫН ӨМІРГЕ ДЕГЕН ҮМІТ ШЫРАҒЫ

111.jpg 

 

Қазақ экономика, қаржы және

халықаралық сауда университетінің ректоры,

Жоғары мектеп Халықаралық ғылым

академиясының академигі,

математика профессоры

Сәрсенғали Әбдіғалиұлы Әбдіманапов

 

Қазақстан халқына жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мəлімдемесі – елдің, халықтың амандығы үшін жасалған күрделі, әрі аса қажет шешім екені анық. Елімізге төтеннен киліккен індет барша мемлекеттің басына түскен үлкен сын сағатына айналғаныешкімге кұпия емес. Дегенмен біздің елімізде коронавирустың алғашқы көріністері пайда болғанда жарияланған шұғыл төтенше жағдай инфекцияның беталысын басқаруға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда аурудың өсу қарқыны төмендей түсуі осының айғағы екенін күнделікті баспасөзден бақылап отырмыз. Мәлімдемеде Мемлекеттік комиссияға бірқатар экономика салаларының жұмысын қайта қалпына келтірілуі тапсырылуы, неғұрлым карантин талаптарын қатаң сақтаса, соғұрлым күнделікті тіршілікке тезірек қайта оралуымыз екені ашық айтылды. Дана халқымыз басыңабақ қонғанда, қиыншылыққа тапкелгенде, қаза сынағында абай болып, әрдайым әзір жүруге шақыратыны, жаратушымыздың өзінің де «Сақ болсаң сақтаймын» деп ескертуі тегін емес.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Баршаңызға белгілі, Қазақстан халқы 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режиміне көшті. Əрине бұл кезең жұртшылыққа оңай тимегені анық. Кейбір азаматтар жұмысын жоғалтып, табыссыз қалды. Ойға алған жоспарларын өзгертуге мəжбүр болғандар да бар.Адами тұрғыдан мен мұны түсінемін. Қауіпті вирус Қазақстанда кең жайылып кетпеуі үшін осындай күрделі, бірақ аса қажет шешім қабылдадым. Соның арқасында індет жаппай таралған жоқ.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да, халықаралық сарапшылар да Қазақстанның іс-қимылын оң бағалап отыр. Елімізде қатаң карантин шаралары енгізіліп, қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылды. Мекемелер мен кəсіпорындардың басым бөлігі қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшті», – деп ауыр жағдайдың ешкімді бейтарап қалдырмағанына қинала отырып, сабырлы болуға шақырды.

Тағдырдың талай талқысын басынан өткерген көнбіс халқымыз шыдамдылық пен сабыр, қажымас жігер ғана қиындықтан аман алып шығарына сенген. Сан қилы айтып келмес «тілсіз жаумен» күресте де ұтымды амалмен жедел әрі батыл іс-қимыл арқасында жеңіске жететін. Сондықтан кейінгі ұрпаққа «Жау қайда деме, жар астында, бөрі қайда деме, бөрік астында», – деп «сақтықта қорлық жоғын» айтып бақты.

Тым алысқа бармай-ақ, елдегіні еске салмай-ақ, өткен ғасырдағы әлем халқының иманын ұшырған «Испан тұмауы» кезінде қай мемлекет болса да,«халыққа көмек қолын ұсынамыз ба, экономиканы құтқарамыз ба?» деген сауалды алдына көлденең тартқанын білесіздер.

Ойға салып салмақтап көріңіз, ел экономикасын сақтау да еңселі мәселе емес пе? Бірақ, халқы жоқ мемлекет болуы мүмкін бе? Айырма соның жай-жапсары ертерек ескерілмегендігі. Халық жағдайының төмендеп кетуі.

Бұл аурудың түп-төркініненазар аударсаңыз, антисанитария болатын. Қан майданның шеңгелінен енді ажыраған халық тұмаудың тұтқынына түсті. Екі оттың ортасында қалған мемлекеттердің экономикасы тұралады. Азық-түлік тапшылығы, жұмыссыздық, дəрігерлердің шарасыздығы тығырыққа тіреді. Ендеше, біздің елдегі жағдайға мың мәрте шүкіршілік ету орынды.

Байқаған шығарсыз, халқымыздың «отпен ойнама күйерсің» дегені осы емес не? Осы індетке байланысты сақтық шаралары кезінде шыдамсыздық танытып пендешіліке ұрынғандардың қылығын да байқап қалдық. Олар қазақтың «қамданған қапы қалмайды» деген сөзін ескермеген сыңайлы, әйтпесе баршаға аян «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді қаперіне алар еді-ау дейсің. Ата-бабамыз «Ажал айтып, келмейді» ертеқамдан деген де нені мезгеді? Бар шаруаңды үкіметтің иығына артып қой деп пе еді? Сынақ кезінде сол пиғыл ашық айтылып қалғаны рас қой.

Әлбетте, «Ашынған жан тәңірін қарғайды» деген әлгі шарасыз жандардың жанайқайын біз де ұғамыз. Десекте, ел басшылары мұндай іске амалсыздан барып отыр емес пе?

Дана халқымыздың «Ерді кебенек ішінде таны» дегені сол емес пе, қиын-қыстау кезде ақ халатты абзал жандар, дəрігерлер, мектеп оқушыларын білім нәрінен айырмай, əр үйдің еркесімен қашықтықтан болса да отаншылдық тəрбие беріп жүрген ұстаздар қауымы, алғашқы шепте кеудесін оққа тосқан майдангер аталарымыздай індетті жерде жанын пида етіп жүрген полиция, əскерилер, шекара сақшыларының ерлік істеріне алғысымыз шексіз.

Сондай көзсіз ерлікке барып жүрген жандардың өз жайларынан хабар беріп, үкімет Жарлығына сәйкес карантиннің «сақтық шараларын бұзбаңыздар» деген үніне құлақ аспай өрескел бұзғандар қылығына не деуге болады? Тіпті, көліктің жүк салғышына жасырынып бекеттен өтпек болған өрескел қылық нені көрсетті?

Ол біздің санамыздың кейінгі ғасырларда тым уланып қалғанын байқатты. Олар ел күзетінде тұрған, денсаулық сақтаудың қауіпті аймағында көзсіз жаумен арпалысып жүрген жандарды ақша үшін қызмет етіп жүргендей сезінетінінаңғартты. Мынадай сын сағатта топталып бас көтеріп, ақшаны алдыңғы лекке шығарып шулағандар қылығы осыны көрсетті.

Дегенмен, Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев өз мәлімдемесінде: «Басты міндет – азаматтарымыздың денсаулығын сақтап, өмірін қорғап қалу.Әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, халықтың табысын сақтау үшін де арнайы шаралар қабылданып жатыр.

Тағы да қайталап айтамын: қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат біздің назарымызда болады. Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды.Мен төтенше жағдай кезеңінде азаматтарымызға қолдау көрсетуге арналған шаралардың екі топтамасын жария еттім.Бұл шаралар барынша жүзеге асырылуда. Қоғам тарапынан айтылған орынды сын-пікірлер де бар. Оны ескереміз», – деген жан айқайын қалайша түсінбеуге болады?!

Біздің сөзімізге күмәнмен қарағандар болса, әлем саясаткерлерінің: «Дереу карантин жариялаған елдер, атап айтқанда Тайвань мен Сингапур, тек инфекцияның таралуын ғана шектеп қоймады. Олар пандемияның ең жағымсыз экономикалық салдарын жеңілдете алған сияқты. Осылайша, карантин шаралары пандемия кезінде үлкен экономикалық залалдың көзі ретінде қарастырылмайды» деуінің өзі көп жайға түсінік береді ғой.

Бүгінде Еуропа мен Азия да өткен ғасырдағы босаңсу салдарынан туындағанқатерлі сынақты кейінгі жылдары да қайтадан басынан кешкенін мойындап, халқының əлеуметтік деңгейін сақтап қалу үшін ұлттық қордан қомақты қаржы бөлу қарастырылуда.

Ендеше, біздің қамқор мемлекетіміздің ел тағдырына алаңдап жасаған сақтық шаралары үшін алғысымыз шексіз болып қала бермек.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз ТМД елдерінің арасында пандемияға қажетті шараларды алғашқылардың бірі болып қабылдадық. Карантин режимін сақтау азаматтарға оңай емес екенін түсінемін. Бірақ басқа амал жоқ. Дегенмен, біз экономикалық даму, шағын жəне орта бизнесті қолдау туралы ойлануымыз керек. Күнделікті еңбек етіп, тіршілігін жасап жатқан халық өз мүмкіндіктерінен айырылып қалмауы керек», – деген сөзі қамқор көңілден шыққан шынайы сөз.

Тәуелсіз еліміздің енді ғана әлемдік деңгейдегі өрісі ашыла түскен тұста халқының көлденең апаттан қырғынға ұшырауы орны толмас өкініш боларын дер кезінде ұққан, індеттің алдын алу шараларын дер кезінде қолданған елағаларының адал пиғылы, дұрыс ниеті деп білемін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Нұр-Сұлтан қаласында 200 орындық жаңа инфекциялық аурухананы ашты. Бұл тəуелсіз еліміздің тарихында алғашқы рет қолдану мерзімі 50 жылға жетерлік барлық жаңа технологиялық мүмкіндіктерді қолдана отырып екі апта ішінде салынған тұңғыш нысан екені әрқайсымызды ойлантса керек. Осындай аурухана Алматы қаласында да ашылды, енді Шымкентте іске қосылмақшы.

Міне, бұл үкімет тарапынан ұлтымыздың денсаулығын сақтауға қатысты қауіпті азайту, халқымыздың жаны да, тəні де сау болуына жағдай жасауға арналғаншынайы қамқорлық белгісі екенін аңғартады.

Ұрпақ тәрбиесіне бәріміз де жауаптымыз, оны ешкім, ешқашан бізден алған емес, ең бастысы, ол үздіксіз жалғаса бермек. Ол біздің ұстаз ретіндегі басты қағидамыз.

Қазіргі таңда студенттеріміз де, ұстаздар қауымы да тосын таңдауға əжептəуір төселіп қалды. Әлбетте, қашықтықтан оқыту біздің жоғары оқу орны үшін тың жаңалық емес. Бұрыннан қалыптасқан іс-тәжірибеміз бар. Сабақ үрдісі қашықтықтан кедергісіз жалғасуда. Қалған мәселені өз ретімен шешетініміз анық.

Ойлы жанға коронавирус әркімнің санадағы жаңаша ой түю жаңғырығын қайта саралауына мүмкіндік берген кезеңі болды дегеніміз лайық болар. Соңғы ғасырдағы жіберген рухани қателіктерімізге де сын көзбен қарап, салт-дәстүрді, әдеп-ғұрыпты, адами қасиетті, уақыт еншісіндегі адал ниетті дұрыс пайдалану мүмкіндігін қаншалық ұтымды қолданғанымызды да ақыл безбеніне салдық.

Ең бастысы тұтастай ел болып, тіпті, әлем жұртшылығы болыпсанамыздың, табиғат анамыздың алдында бас иіп, емтихан тапсырып жатырмыз деген ойға келемін. Жетістіктерімізді бағалап, кемшіліктерімізді саралап тұжырым жасаудамыз. Бұл да аз олжа емес.

Сонымен қатар халықтың шыдамдылығына, тəртіпке бағынған шарасыз көндіккен өмірлеріне, ел амандығы мен келешегіне, оның қауіпсіздігінеалаңдап халқынаМемлекет басшысыныңалғысын білдіруіөз тарапынан елге, халыққа көрсеткен ерекше қолдауы ретінде қабылданды.

Тағы бір сүйсінерлігі, Президент өз мəлімдемесінде: «Біз қазірден бастап дағдарыстан кейінгі кезеңге дайындалуымыз керек» деген ұстанымға ерекше мəн беруде. Бұл – жарқын өмірге деген үміт шырағы.

Біздің мемлекеттің әрбір іс-әрекеті ел ертеңінің жарқын болуына жол ашарына сенімім мол.

 




Календарь новостей

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4