версия для слабовидящих

Елбасы жолдауы аясын Базалық дайындық факультеті де талқыға салды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы Қазақстан халқына арналған кезекті жолдауын Қазақ экономикалық, қаржы және халықаралық сауда университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушылары үлкен ықыласпен қабылдады. Жолдауды эфирде көруге үлкен залда жастардың көшбасшылары жиналып, үлкен мұқиятпен тыңдалды.

Ректор Абдыманапов Сарсенгали Абдыгалиевич университет ұжымына, профессорлық –оқытушылар құрамына Елбасының жолдауын қолдау мақсатында отырыс өткізіп, атап айтқанда білім саласы мен педагог мәртебесін көтеру керектігін, мемлекетімізде жоғары білім гранттарының саны көбейтілгенін, жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажеттігін айтып жеткізді.

Жыл басынан бері екінші рет халыққа жасалған жолдаудың өзіндік ерекшеліктері өте көп. Әсіресе, Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауы - біз үшін үлкен жаңалық. Ең бастысы – қазан жолдауында Елбасының «2019 жыл – Жастары жылы» деп жариялауды ұсынғаны жастарға үлкен қуаныш сыйлағанын ерекше әсермен жеткізгім келеді. Бұл дегеніміз, осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп келе жатқан қамқорлықты одан әрі дамытып, тұтастай ұрпақ ісін жан-жақты қолдау,- деп атап өтті Базалық дайындық факультетінің деканы А.А. Мухамбетова.

Декан іс-шара соңында Жолдауға қолдау білдірген, университеттің барша оқытушыларына, студенттеріне жылдың басты құжатын талқылау, түсіндіру және іске асыру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырды.

Базалық дайындық факультетінің студенттік деканы, «Мемлекеттік жергілікті басқару» мамандығының 2 курс студенті Балтабек Жанғазы: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халқына жолдауында 2019 жыл «Жастар» жылы деп белгіледі. Бұл дегеніміз еліміздің болашағы жастардың қолында деген сөз. Ғасыр ақыны М.Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» - деп, ұран қағуы бекерлік емес, яғни мәңгілік елдің мәңгілік кірпішін қалайтын ол біз –жастар! Сондықтан бүгіннен бастап қазақ елінің жалынды жастарын белсенді болуға шақыратынын сөз қылды.

Сондай-ақ, білім алушылар өз пікірлерін білдіріп, Елбасының әрбір жолдауында жастарды ерекше назарда ұстайтынын мақтанышпен айтты. Студенттердің бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыруда, ұлттық сана-сезімін, саяси сауаттылығын оятуда бұл Жолдаудың маңызы зор.




Календарь новостей

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1