Самарқанның көк тасы жібіген Наурыз құтты болсын
Самарқанның көк тасы жібіген Наурыз құтты болсын
Қысты көктем алмастырып, күн шұғыласынан нәр алып, табиғат оянып, адам өмірі жаңа мәнге толатын, тамаша көктем мерекесі Наурыз да келіп жетті. Алдымызда күтіп тұрған көптеген жұмыстарды сәтті жүзеге асыру үшін табиғаттан жаңа күш-қуат алып, білекті сыбана еңбекке кірісетін шақ - алда.
Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңитін кезеңі - Наурыз. Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін жалпыхалықтық сүйікті мерекеге айналды. Азаматтың ақ таңы атқаннан бері қаймана қазақтың қай баласы болсын, Наурыз мейрамының қадір-қасиетін жете түсінуде. Жалпы тепе-теңдік, ізгілік пен жаңару үйлесім тапқанда ғана құт қонып, береке орнайды. Сондықтан да Наурыз табиғат пен қоғамның, адам мен адамның, ел мен елдің ара-қатынасындағы тепе-теңдік заңын сақтайтын, бастау бұлақтар мен таланттардың қайнар көздерінің ашылуына мүмкіндік туғызатын мағынасы тереңге бойлаған ұлы мереке.
Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, жан-жануар да түлейдi, жасарады, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы жібіп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен Наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды ұлықтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады. Наурыз көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамы ретінде бағзы замандардан тойланып келеді. Бұл мерекенің дінге, не болмаса жекелеген ұлттарға еш қатысы жоқ.
Бұл күн тіршіліктің, дәстүрлі құндылықтар аясында бірігіп, игілікті жаңа бастауларға ниет білдірудің нышаны. Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, ағайын!
Наурыз мейрамы – начало «новой жизни»
От всего сердца поздравляем Вас с наступающим праздником Весны! Наурыз мейрамы - праздник весеннего обновления. Нельзя забывать, что он возник у народов Востока задолго до принятия мусульманства, а потому лишен всякой религиозной обрядности и направленности. По восточному календарю Наурыз – это начало всех начал - начало нового года, «новой жизни» и совпадает с днем весеннего равноденствия. Это праздник является символом весеннего обновления, торжества любви, плодородия и дружбы. Считалось, что в этот день происходит обновление в природе, гремит первый весенний гром, происходит набухание почек на деревьях, буйно прорастает зелень. Если в этот день выпадал снег, то это считалось добрым знаком. Даже девичью красоту в казахских легендах сравнивают с белым снегом Наурыза, поскольку в марте месяце обычно идет мягкий пушистый снег с особенной белизной. В старину до прихода Наурыза люди приводили свои дома и хозяйство в порядок, в честь праздника сажали деревья, цветы. Считалось, что если Наурыз входит в чистый дом к хорошему хозяину, то болезни, неудачи, невзгоды обходят его далеко стороной.
Главным ритуальным блюдом Наурыз мейрамы поистине является наурыз-коже. Он непременно должен состоять из 7 основных ингредиентов, символизирующих 7 элементов жизни: вода, мясо, соль, жир, мука, злаки (рис, кукуруза или пшеница) и молоко. Эти ингредиенты символизируют радость, удачу, мудрость, здоровье, благосостояние, скорость, рост и божественную защиту. Когда казахи празднуют Наурыз, наличие цифры «7» является обязательным — она заключает в себе 7 дней недели - временные единицы бесконечности вселенной: напротив аксакала должны быть поставлены 7 чаш с наурыз-коже. Каждый должен посетить 7 домов и пригласить 7 гостей.
Сегодня Наурыз обретает новый смысл. Он стал объединяющим для всех проживающих в Казахстане народов праздником, независимо от национальности и вероисповедания. Велика его роль в укреплении дружбы между людьми, в обновлении традиций.
В Казахстане Наурыз не праздновался всенародно с 1926 г. по 1988 г. С 2001 г. Наурыз объявлен государственным праздником, а с 2009 отмечается 3 дня подряд. Поэтому 21, 22 и 23 марта в Казахстане - нерабочие дни.
Сегодня мы встречаем Наурыз с большими достижениями, и поэтому хочется выразить огромную благодарность всему профессорско-преподавательскому составу, сотрудникам, студентам нашего университета за неустанный и плодотворный труд. В этот праздничный день от всей души желаю Вам крепкого здоровья и семейного благополучия, добра и счастья! Пусть Весна радует Вас своим теплом, и Наурыз подарит каждому надежду на лучшее, веру в успешную реализацию намеченных планов.
Календарь новостей
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
28 | 29 | 30 | 31 | 1 | 2 | 3 |
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 1 |