версия для слабовидящих

Маркетинг және құқық кафедрасында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқық негіздері» тақырыбы атты ашық сабақ өтілді.

Маркетинг және құқық кафедрасында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқық негіздері»  тақырыбы атты ашық сабақ өтілді.

2015 жылдың  желтоқсан айының 8 –ші жұлдызында  Маркетинг және құқық кафедрасында  оқытушы А.С. Қайнаровамен «Құқық негіздері» (тәжірибе) пәнінен  ЕжА- 105, Стат 131, БАҒ-108 топтарымен 432 аудиторияда ашық сабақ өтілді. Тәжірибелік сабақтың  тақырыбы: «ҚР Қылмыстық құқық негіздері». Cтуденттерге қылмыстық құқық негіздері, атап айтқанда: қылмыстың ұғымын, оның белгілері мен категорияларын; қылмыстық жауапкершілік, қылмыстық жазалар, олардың түрлері, Қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын жағдайларын; қылмыс әрекетін жоятын жағдайлары жөніндегі білімдерін одан әрі дамыту негізінде танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызықшылығын, белсенділігін арттыру болып табылады. Мемлекеттің құқықтық саясатының маңызды буыны қылмыстық саясат болыптабылады, оны жетілдіру қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқаруқұқығын, сондай-ақ құқықта қолдануды кешенді, өзара байланыста түзету арқылы жүзеге асырылады.

Тәжірибелі сабақ топты екі командаға  бөлу арқылы, командалық жарыс түрінде  жүргізілді. Сабақ барысында  топтардың аты қойылып ұраны айтылып интерактивті тақтамен белсенді жұмыс жасалды. Топтардың аты: төраға және ата заң.  Сабақты қорытындылау барысында ағымдағы жылдың 9 – шы айына дейінгі статистикалық ақпаратпен студенттерге мәлімделінді. Сабаққа маркетинг және құқық кафедра меңгерушісі э.ғ.д., профессор М.Ж.Каменова, з.ғ.д., профессор А.Д. Жусупов,  э.ғ.к., аға оқытушы Р.Шохан,  базалық дайындау факультетінің деканы э.ғ.к. З.К. Жаныбаева қатысты. 




Календарь новостей

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1