Жолдау тақырыбы: «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ».
7.12.2015 жылы сағат 10.00.-10.50.-де 107 аудиториясында 1 курс студенттеріне Нығмет Алтайбектің Қазақстан тарихы пәні дәріс сабағында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын студенттермен бірге қарастырып өтті.
Жолдау тақырыбы: «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ».
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында үш негізгі бағытын айқындап берді. Олар мынандай бағыттар;
Жаңа жаһандық нақты ахуалдың сын-қатерлері
Қазақстанның дағдарысқа қарсы мүмкіндіктері
Біздің дағдарысқа қарсы басты стратагемамыз - -деп
Елбасы жолдауында: Дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарулардың бес басым бағыты бойынша дағдарысқа қарсы және құрылымдық кешенді жаңаруларды жүзеге асырудың бағыттарын атап өтті:
Онда; қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, жаңа инвестициялық саясаттың негіздері, жаңа әлеуметтік саясат, - қарастырылған.
Ашық сабақ барысында студенттерге Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының маңыздылығын айта келе, болашақ жастардың қолында екенін, ертеңгі Қазақстанның болашағы, тірегі болатын қазақ жастары екендігіне назар аударатындығын, болашақ жастар заманға сай жаңа мамандықтар игеріп, білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға, жұмыс бар өңірлерге батыл баруға шақырғанын атап өттік.
Елбасы жолдауында Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету бүгінгі жас ұрпақ ертеңгі -ел тірегі екендігін баса атап өтті. Сол себепті, әлемдегі алпауыт мемлекеттермен иық тіреп қатар тұрулары үшін дәл қазіргі уақытта болашақтың тірегі болар білім алушы студенттердің білімдерінің жоғары болулары керектігін ескертті.
Календарь новостей
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
28 | 29 | 30 | 31 | 1 | 2 | 3 |
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 1 |