версия для слабовидящих

«Қысқа уақыт аралығында ағылшын тілін қалай меңгеруге болады» атты семинар

«Қысқа уақыт аралығында ағылшын тілін қалай меңгеруге болады» атты семинар

2015 жылдың 27 қазанында Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің жатақханасында «Қазақ және шет тілдері» кафедрасының оқытушылары - магистр, оқытушы Лаула ШаяхметқызыШаяхмет пен Айгерім Нұрболатқызы Ниярованың ұйымдастыруымен университет студенттерімен ағылшын тілінен кеңес беру жоспары бойынша «Қысқа уақыт аралығында ағылшын тілін қалай меңгеруге болады» атты семинар өткізілді.

Сонымен қатар тілді қалай тиімді меңгеруге болады деген ақыл-кеңестер де көбеюде және солардың бірнешеуімен магистр, оқытушы А.Н.Ниярова таныстырып, студенттердің қызығулыштанытып қойған сұрақтарына жауап берді.Ағылшын тілін 1 айда (немесе өте қысқа уақыт аралығында) толыққанды меңгеруге болады бірақ, әрине, әр адамның қабілеті әрқилы, біреу бірнәрсені он күн үйренсе, екіншісіне 10 минут жеткілікті. Дегенмен ағылшын тілі секілді күрделі тілді мұншалықты қысқа уақытта жетік үйрену оңай шаруа емес. Берілген уақыт ішінде ең көп дегенде грамматикалық құрылыммен танысып шығуға болады. Алайда тиянақты жаттығусыз, қажетті көлемдегі сөздерді білмей, грамматиканы да дұрыс игере алмайсыз. Бұрыс бағытқа кетіп бара жатқанда дұрыстап отыру керек болады. 1 курс студенті Байпақ Дәурен күрделі сөздерді, ұғымдарды жаттау қарапайым сөздерді жаттауға қарағанда әлдеқайда қиын деген сұрағына магистр, оқытушы Л.Шаяхмет қарапайым сөздерге қарағанда күрделі сөздерді жаттау сіз ойлағаннан жеңіл, себебі олар бірегей, өзге сөздерге қатты ұқсай бермейді және нақты бір мағына береді, дыбысталуында да қате жеткізу немесе дұрыс түсінбей қалу болмайды. Қайта күнделікті қолданылатын дара сөздерден жаңылысу оңай, олар бірнеше мағынаны беруі мүмкін, дыбысталуы жағынан ұқсас сөздері көп деп түсіндірді. Оқытушы А.Н.Ниярова студенттерге қандай да бір себептерге байланысты ағылшын тілін мектепте меңгере алмағанындары үшін, тілді үйренуден артқа тартынбай, бірнеше негізгі курстан оқып бастаған дұрыс екеніне жол көрсетіп атақты америкалық лингвист Пол Пимслердің методикасымен таныстырды.

Оқытушы Л.Шаяхмет ағылшын тіліндегі сөздік қорды қалай дамытуға болатындығын, пайдалы видеолар және жанды сөйлесудің үлкен көмектері бар екенін түсіндірді.Жаңа сөз кездескен кезде, ол қысқа мерзімді есте сақталады, бірақ егер ол сөз қолданылмаса, бірнеше күннен соң ұмытылады. Интервалды қайталау техникасы қандай да бір сөзді ұзақ уақытқа есте сақтауға мүмкіндік береді. Бұрын бұл үшін бір жағында ағылшын сөзі, екінші жағында оның мағынасы жазылатын карточка жасалатын. Енді сөздердіAnki бағдарламасы арқылы қайталауға болады. Бағдарламада карточкаларды тақырыптар бойынша жинауға болады (мысалы, оқылған мақаладан кездескен жаңа сөздер жинағы). Сөзді жаттау кезінде, әрдайым оның қаншалықты оңай еске түскенін көрсетіп өту қажет. Осылайша сервис жаңағы карточканы қанша уақыттан соң ұсынуға болатынын анықтайды (бір минуттан соң ба, 5 сағаттан соң ба әлде 10 күннен кейін бе).Тыңдау ұнамай ма? Онда кино, сериал, телешоу көруге болады. Мәселен, әр апта сайын Entrepreneurial Thought Leaders-те Стэнфорд университетінде өтетін видеолекциялар жарияланып тұрады. Көңіл-күйді көтеру үшін Saturday Night Live-тің жаңа бағдарламасын тамашалауға болады. Ал ағылшын тілін мақсатты түрде меңгеріп, полиглоттардың тәжірибесімен шабыттанғыңыз келсе, YouTube-та мынадай арналарға жазылыңыз: James ESL, Fluency MC, Loki2504.Тілді жетілдіруде әлемде ешбір нәрсе жанды сөйлесуге жетпейді. Сіз үйреніп жатқан тіл ана тілі болып саналатын адаммен тілдесуге дайын болмасаңыз, ағылшын тілін үйреніп жүргендермен сөйлесуге боладығын айтты.

Ұйымдастырылған кешіміз өте қызықты өтті,ең маңыздысы студенттердің шет тілдерін уйренуге деген көз қарастары өзгеріп,қызығушылықтарың көрсетті.

А.Н. Ниярова, магистр, «Қазақ және шет тілдері» кафедрасының оқытушысы




Календарь новостей

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1