версия для слабовидящих

Студенттерге «Ғылыми жұмыстарды жазу және ресімдеу» тақырыбында кеңес берілді.

2015 жылғы 26 қазанда Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің жатақханасында студенттерге «Ғылыми жұмыстарды жазу және ресімдеу» тақырыбында кеңес берілді. Аталған іс-шара Қазақ және шет тілдері кафедрасы жанынан ашылған «Полилингв» ғылыми-зерттеу үйірмесінің жұмыс жоспарымен байланыстырыла отырып жүзеге асырылды. Бұл жоспарлы шараның мақсаты – студенттерді шынайы ғылыммен айналысуға тарту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жұмылдыру, өзекті тақырыптарды зерттеу арқылы ғылымға және қоғамға пайда әкелетін маңызды нәтижелерге қол жеткізуге, тың идеялар ашуға үгіттеу, ғылыми жұмысты дұрыс жазу және сауатты ресімдеу жолдарын меңгерту. Студенттерге «Ғылыми жұмыстарды жазу және ресімдеу» тақырыбында кеңес беру жауапкершілігі «Қазақ және шет тілдері» кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Д.Д. Бисмильдинаға жүктелді. Бұл шараға 30-дан астам студенттер қатысып, талқыланған тақырып аясында қызу пікір алмасты.



Календарь новостей

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1