версия для слабовидящих

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, «Базалық дайындық» факультетінің «Қазақ және шет тілдері» кафедрасының қазақ тілі апталығы туралы ақпарат

«Қазақ және шет тілдері» кафедрасының 2014-2015 оқу жылында жүргізілетін тіл мерекесіне арналған жоспарда бар іс-шаралар сәуір айының 20-24 аралығында өтті.

Қазақ тілі апталығының өтілуіне байланысты алдын-ала хабарландыру ілініп, ескертілді.

20.04.15., дүйсенбіде Мерекелік«Тіл – өлшеусіз қазына»атты қабырға газет, банерлер «Қазақ және шет тілдері» кафедрасының жанында ілінді.(жауапты К.А.Тлегенова).Қабырға газет, банерлерге конкурс жарияланды. І, ІІ, ІІІ орын тағайындалды.

І орын Ақпараттық жүйе - 109 Б тобы марапатталды. (Ш.Б.Сағатованың тобы)

ІІ орын Туризм-108 тобына берілді. (К.А.Тлегенованың топшасы)

ІІІ орын Туризм-115 тобына берілді. (Ж.А.Козкинаның топшасы)

ІІІ орын Есеп және Аудит – 120 тобына берілді (К.А.Тлегенованың тобы)

21.04.15., сәрсенбі сағ.1400 Дизайн 130 В топ студенттері кураторА.Н.Нияровамен Ұлттық мұражайға барды, жауаптылық аға оқытушы Ж.А.Козкинаға жүктелінді. Осы күні «Көшбасшы жолы» фильмін барлық орыс топтарымен тамашалап, нәтижесінде эссе жазылды. Жауаптылық ф.ғ.к., аға оқытушы Ш.Б.Сағатоваға жүктелді.

22.04.15., сейсенбі күні «Бақыт гүлін терген күн...» 1 курс студенттеріне арналған шығармалар конкурсы өткізілді. Жауаптылар қазақ тілі секциясының мүшелері оқытушылар ф.ғ.к., профессор м.а. Г.Сәрсеке, п.ғ.к., доцент м.а. К.А.Тлегенова, ф.ғ.к., ф.ғ.к., доцент А.Б.Сейсекенова, ф.ғ.к., аға оқытушы Ш.Б.Сағатова,аға оқытушы Ж.А.Козкиналар болды. Бұл конкурста секция мүшелерінің шешімімен:

І орын ЕжА-120 тобының студенті Бекмурзаев Нұрсултанға берілді.

ІІ орын Қаржы-121 тобының студенті Рыспаева Эльнураға берілді.

ІІІ орын ЕжА-120 тобының студенті Қуанышбаева Ақмаржанға берілді.

23.04.15., бейсенбі күні сағ.1100доцентА.Б.Сейсекенованың қатысуымен қазақ тілінен 1 курс ЭК-116 тобының студенттеріне «Салықты не үшін төлейміз?» атты ашық сабақ өткізілуі керек болатын Бірақ айтылған ашық сабақ А.Б.Сейсекенованың ауырып қалуына байланысты бұл күні өтпеді. Жазылып шыққан уақытта басқа күнге ауыстырылып өткізетін болды.

24.04.15., сағ. 1100–де университетімізде оқитын әртүрлі ұлт өкілдеріне «Тілі өлген ел - тірі өлген ел» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді. Дөңгелек үстелде аудармашы, терминолог, профессор Мұхамбет Ахмет-Төре ағамыздың қазақ жастарына қойылған сұрақтар пікірталасқа қойылған. Студенттер өз өнерлерін көрсетті.

Қазақстанда тұратын барлық ұлттар ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. «Ынтымақ елдікке жеткізеді, Береке бірлікке жеткізеді» демекші кештіл жанашырлары ретінде игілікті іске өз үлесімізді қосу үшін өзге ұлт өкілдері арасында«Тілі өлген ел - тірі өлген ел» дөңгелек үстел түрінде өткізілді. Студенттер арасынан Тасхынбек Зұлпыхар (ЕТжБҚ) дөңгелек үстелдің жүргізуші болып тағайындалды.

Қазақ тілі апталығында өткен «Тілі өлген ел - тірі өлген ел» атты дөңгелек үстелге белсенді қатысқаны үшін АЖ-109 тобының студенті Ұзақ Әйгерім, ЕТжБҚ тобының студенттері Тасхынбек Зұлпыхар, Иманмұхамет Еламан, Нұрбек Сейітқыз, Айдынбек Нұрым алғыс хат дипломдарымен марапатталып, сыйлықтар берілді.

Қазақ тілі апталығында өткен «Тілі өлген ел - тірі өлген ел» атты дөңгелек үстелге белсенді қатысқандары үшін ЕТжБҚ-125 тобының студенті Халелов Суннат, қаржы тобының студенттері Айтмухамбетова Меруерт, Әжібай Дана, Туризм- 127 тобының студенті Жусупова Айнур, ИС-124 тобының студенті Қалинұров Асқар дипломдармен марапатталды.

Қазақ тілі апталығына белсенді қатысқан барлық студенттерге сыйлықтар беріліп, дипломдармен марапатталды.

Апталық қорытындысын шығару, нәтижелеу, марапаттау рәсімдері өтілді.

Жалпы институт бойынша орыс тілді студенттер арасында қазақ тілі апталығы өте жақсы өтілді деген пікір айтылды



Календарь новостей

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1