Ұлы Жеңіске - 70 жыл!
2015 жылдың 9 сәуірінде Қазақ Экономикалық, Қаржы және Халықаралық сауда университетінде «Ешкім ұмытылған жоқ, ештеңе ұмытылмайды!» атты іс-шара аясында Ұлы Отан соғысының ардагері – Сафаров Абдрахман атамызбен кездесу кеші өтті.
Жеңістің 70 жылдығына орай атқарылған іс – шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың рухани құндылықтары мен патриоттық сезімдерін одан әрі дамыта түсу. Кездесу сұрапыл соғыстағы елі үшін ерлік жасап қаза тапқан ата – бабамызды еске алып 1 минут үнсіздікпен басталды. ӘЖ – 305 топ студенттері: Төлеухан Абылай қазақ халқының соғысқа қосқан үлесі жайлы мәлімет берді, Сәбит Медет пен Қадырбаева Айгерім – соғысқа қатысқан аталары туралы әңгімелерін баяндап берді.Мақтанарлық жағдайдың бірі - жауынгер атамыздыңнемересі Ильясов Айтбек осы университетте «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша білім алуда.
«Көзі тірінің – сөзі тірі»демекші, өз ауызынан айтылған қызықты әрі тарихи мағлұматтарды аса үлкен ықыласпен тындадық. 95 жасқа келсе де жауынгер атамыздың ойы да, көңілі де тың, қаншама қиындықтарды басынан өткеріп, шайқаста Берлинге жетіп, осы уақытқа дейін жаны да, тәні де сыр бермеген, бойынан қуат кетпеген.Ол кісі өз әңгімесімен ғана емес, өмірлік ұстанымымен бізге, яғни жастарға үлкен ой салды, сөз соңында университет ұжымына ризашылығын білдіріп, қонақжайлық танытып барлығымызды үйіне қонаққа шақырды.
Осы кездесуден алған тәрбиелік мәні бар әсерлеріміз өмір бойы санамызда сақталып қалмақ. Іс – шараны ұйымдастырушы – магистр, аға оқытушы Валиева Анар Бақытжанқызы, сондай-ақ «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 1-3 курс студенттері ат салысты.Кездесудің қонақтары – кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Шайхеслямова Казна Оқасовна, кафедра ұстаздары және университет студенттері. Кеш соңында ардагер атамызға барша қауым алғыстарын білдіріп, естелік сыйлықтарды тарту етіп, суретке түстік.
Календарь новостей
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
28 | 29 | 30 | 31 | 1 | 2 | 3 |
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 1 |