версия для слабовидящих

Тренингтен алған тағылым

Қаңтардың 21 –22 күндері университетте өткен «Қазіргі білім: мазмұны, технологиялары және сапа қамтамасыздығы» атты республикалық ғылыми – әдістемелік конференцияға «Қазақ және шет тілдері» кафедрасының мүшелері белсенді қатысып, баяндамалар жасады.

Пленарлық мәжілістен соң кафедра профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Булатбаева Күлжанат Нурымжанқызы шет тілі оқытушылары мен арнайы пәндерді шет тілінде жүргізетін оқытушыларға арнап «Тілдік емес жоғары оқу орны шеңберінде көптілділікті дамытуға байланысты оқу үрдісін ұйымдастыру» атты мастер - класс өткізді. Мастер - класта келесі өзекті мәселелер қарастырылды: тіл пәндерінен оқу үрдісін ұйымдастыру, шет тілінде арнайы пәндердің ерекшелігі, арнайы мәтіндерді аудару ерекшеліктері, терминологияны қолдану.

Кафедра доценті, филология ғылымдарының кандидаты А.Б. Сейсекенова «Болашақ мамандардың құндылық мәдениетін қалыптастыру» атты семинар – тренинг (Шәкәрімнің «ар іліміндегі» «таза ақыл» эстетикалық категориясы бойынша) өткізді. Айнаш Байкенжеқызы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» мемлекеттік мекемесінің тапсырысына сәйкес, 2013-2015 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бойынша «Болашақ мамандардың Шәкәрімнің «ар ілімі» контексіндегі құндылық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты ғылыми жобаның ғылыми жетекшісі ретінде ұйымдастырған семинар – тренингте қазіргі күнгі білім берудің ұлттық жүйесін модернизациялау қазақстандық қана емес, әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман даярлауға бағытталғаны, ҚР «Білім туралы» Заңының басым бағыттарының бірі де ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері, шығармашылық, рухани және тұлғаның дене мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салты мен адамгершіліктің мығым негіздерінің қалыптасуына жеке тұлға ретінде мүмкіндік жасау жолдары арқылы интеллекті байыту негізінде тұлғаны қалыптастыру, дамыту мен кәсіптік даярлауға бағытталған сапалы білім алудың қажетті шарттарын жасау туралы мәселелерді басты сұрақтардың бірі ретінде қарастырды.

Семинар – тренингтің мақсаты: болашақ мамандардың құндылық мәдениетін қалыптастыру үшін Шәкәрімнің «ар ілімін» педагогикалық үрдістегі оқу және оқудан тыс тәрбие жұмыстарында қолдану болса, проблемалық өрісі: болашақ мамандардың құндылық мәдениетін қалыптастыру, Шәкәрімнің «ар ілімі» контексіндегі көпмәденитті тұлғаны қалыптастыру, болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін жетілдіру мақсатында жоғары оқу орындарындағы қазақ тілін оқытуға қатысты тиімді әдістерді іздеу, студенттердің оқу және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, мектептермен әріптестікті нығайту жолдары болып табылды.

Семинарға Ресей азаматы, т.ғ.д., профессор А. Абденов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ф.ғ.д. М. Оразбек, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты Ә. Ережеқызы, магистрант Е.Еркіндер қатысты. Семинар соңынан қатысушыларға сертификаттар берілді.



Календарь новостей

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1