версия для слабовидящих

“Ел Басы – студент жастарға азаматтық патриоттық тәрбие беру жүйесіндегі негізгі тұлға”

“Ел Басы ­– студент жастарға азаматтық патриоттық тәрбие беру жүйесіндегі негізгі тұлға” ретінде атты дөңгелек үстел 2 желтоқсан 2014 жыл сағат 16:00 де, 108 аудиторияда т.ғ.к., доцент қ. а. Туякова А.Е ұйымдастыруымен өткізілді.

Қолданбалы ғылымдар мектебінің декан орынбасары с.ғ.к., доцент қ. а. Қуанышова А.А. студенттерге мемлекет басшысының жүргізген ішкі және сыртқы саясаты туралы, оның лидерлік ұстанымдары мен бейбіт өмірге деген сүйіспеншілігі жайлы мәлімет жеткізді.

Жас Отан жастар қанатының мүшесі Балқаш А.Н Елбасы және студенттер қауымын құттықтап, олармен мемлекет басшысының жетістіктері жайлы, және саясаттағы беделді рөлі туралы мәлімет алмасты.

2-курс студенті Қабен Қуаныш: Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың саясатқа деген көзқарасы жайлы және Елбасымыздың қолдауын тапқан «Қазақстан егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы», «Индустриалды-инновациялық даму стратегиясы» туралы мәлімет жиынтығымен студенттермен бөлісті. Елбасы күні мерекесіне арналған өлең жолдарын тыңдарман назарына тарту етті.

2-курс студенті Өтен Қарулан. Елімізге ерекше маңызды мақсаттардың бірі ЕХРО – 2017 – ге қызу дайындық болып жатқандығы туралы, және қандай жетістікке жететінімізді, басқа мемлекеттер шоғырында орнымыз қандай болатыны жайлы толық мәлімет берді.

Бүгінгі дөңгелек үстел арқылы біз студенттерге Елбасының саясаттан тыс өмірі жайлы және ел басқарудағы біліктілігі мен көрегенділігін, мығым әрі мықты, сындарлы да салиқалы саясатты жүргізе білгендігін жеткізе алдық деген ойдамыз. Осы жиын барысында жастар көп дүниені көкейлеріне түйіп, жаңа белестерді бағындыруға ерекше ынта-жігер алды.




Календарь новостей

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1