Елорданың мәдениет және демалыс саябағында «Олимпиада күні» өтті
6 қыркүйек - Халықаралық олимпиада күні. Бұл күнді күллі әлем олимпиадалық күн ретінде атап өтеді. Осыған орай елорданың мәдениет және демалыс саябағында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Шара кезінде халық әртүрлі қашықтықта жүгіріп, салауатты өмір салтын насихаттады. Спорттық мерекеге мектеп оқушылары мен студенттер, саясаткерлер мен мекеме-кәсіпорын жетекшілері және кәсіби спортшылар да шықты. Тіпті мүмкіндігі шектеулі жандар да арбамен жарыс жолында бақ сынады. Бұл шараның басты мақсаты – денсаулықты нығайту, достық, құрмет, спорттық шеберлік секілді құндылықтарды қастерлеу болып табылады. Осы қатарға соңғы жылдары қосылған Қазақстан халқы да 6 қыркүйек күні олимпиада күнін үлкен белсенділікпен атап өтті. Еліміздің барлық өңірлерінде, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында өткен Олимпиада күнін ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, Мәдениет және спорт министрлігі және Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) ұйымдастырды.
Олимпиада күні Астанада 6 қыркүйек күні сағат 10:00-де Мәдениет және демалыс саябағында (орталық жаңа саяжолда) басталды.
Қазіргі Олимпиада күні - қозғалыстың туған күні дәстүр бойынша жүгірумен өткізіледі. Жоғарыда аталған алаңда 8-11 сынып оқушылары арасындағы 800 метрге жүгіру екі кезеңмен өтті. Қыздар арасындағы жүгіру сағат 10.20-да, ал ұлдар арасында 10.40-та басталды. Колледж және арнайы орта білім орындарының оқушылары арасында 800 метрге жүгіру сәйкесінше 11.00-де және 11.20-да өтті. 1200 метрлік үшінші жеке жүгіріс сағат 11:45-те басталды.
Олимпиада күніне ҚазЭҚХСУ студенттері де белсенді қатысты. Оларды жарысқа дене шынықтыру пәнінің оқытушылары Б.И. Садвакасов және Ю.В. Лаврова дайындады. Университеттен жүгіруге 600 студент қатысты. Ұлдар арасындағы жарыста «ЕжА308» тобының студенті Ормаш Нұржан – 1-орынды; 115а тобының студенті Исханов Тамерлан – 2-орынды; 115б тобының студенті Егенов Сәулет – 3-орынды иеленсе, қыздар арасындағы жарыста 115 тобының студенті Қожабаева Мейрамгүл – 1-орынды; 115д тобының студенті Жаңабекова Мөлдір – 2-орынды; 115д тобының студенті Кайсина Әйгерім – 3-орынды иеленіп, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді.
Біз жүлдеге ие болған студенттер мен олардың оқытушыларын жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз және алда өтетін сайыстарда да табандылық пен табыс тілейміз!
Календарь новостей
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
28 | 29 | 30 | 31 | 1 | 2 | 3 |
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 1 |