версия для слабовидящих

20 қыркүйекте Астанада жалпықалалық сенбілік өтті

Астанада 20 қыркүйек күні сағат 09.00-да қала тұрғындарының қатысуымен жыл сайынғы жалпықалалық күзгі сенбілік өтті. Оған қоса қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру шаралары да ұйымдастырылды. Сенбіліктің басты мақсаты - қаланың көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту болып табылады. Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен бұл сенбілікке ҚазЭҚХСУ студенттері мен қызметкерлері белсенді қатысты. Экономика мектебінен университет территориясын тазалауға Мж/еЖБ -302 тобы, Қаржы-313 тобы, Қаржы-307 тобы, Еж/еА-302 топтары белсенділіктерін көрсетіп, жақсы жұмыс істеді.

Белсенділік танытқан топ кураторларын да айта кеткен жөн. «Есеп және аудит» кафедрасынан Кажмухаметова Асем Архашевна, «Қаржы» кафедрасынан Алашбаева Нурсулу Муханбетовна, Койбагарова Алия Жиенбаевна, «Банк ісі» кафедрасынан Досмаганбетова Гульжаухар Алибековна, «Менеджмент» кафедрасынан Баймуратова Жанар Сагитовнаны атап өтуге болады. Олар өз кезегінде уақытылы студенттерін жинап, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке Базалық дайындық факультетінің студенттері де қатысты. 




Календарь новостей

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1