версия для слабовидящих

Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті

1 қыркүйек – Білім күні! Бұл күн әрқайсымыздың өмірімізде ерекше орын алатын маңызы бар айтулы мереке. Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап қалалық қоғамдық көліктердегі жол ақысы қымбаттағанына қамықпастан, оқушылар да, студенттер де білім нәрімен сусындауға білім ордаларына асығуда. Жаңа басталған оқу жылында да Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің қабырғасы өз студенттерімен толықты.

2014 жылғы 1 қыркүйекте сағат 10.00-де Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің сыртқы алаңында Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға студенттер, олардың ата-аналары, университет басшылары, факультет декандары, оқытушылар мен құрметті қонақтар жиналды. Студенттер өз мамандықтары бойынша топтарға бөлініп, сап түзеді.

Жүргізушілер Cадық Батыржан мен Жүнісбек Райхан салтанатты жиынды ашып, алғашқы сөз кезегін Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің ректоры, педагогика ғылымының докторы, Халықаралық ғылым академиясының академигі, профессор Сәрсенғали Әбдіғалиұлы Әбдіманаповқа ұсынды. Ректор студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім жолында толағай табыстар тіледі. Келесі сөз кезегі Базалық дайындық факультетінің деканы, экономика ғылымының кандидаты Бағдат Пугашбекович Кушербаевқа және «Әлеуметтік жұмыс» кафедрасының меңгерушісі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Жыл мұғалімі» грантының иегері, педагогика ғылымының докторы, университет профессоры Казна Окасовна Шайхеслямоваға берілді.

Содан кейін студенттерді осы оқу орнының «Банк ісі» мамандығы бойынша түлегі, бүгінгі таңда ҚазЭҚХСУ магистранты, «Қаржы» мамандығы бойынша мемлекеттік білім грантының иегері Тұрғанбек Талғат құттықтап, оларға өзінің жылы лебіздерін білдірді.

Салтанатты жиын аяқталған соң студенттер университет дәрісханаларына өтті. 



Календарь новостей

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1