
Білім алушыларды тіркеу және қызмет көрсету орталығы
Esil University білім алушыларын тіркеу және оларға қызмет көрсету орталығы қызметінің мақсаты уақтылы және сапалы қызмет көрсетуді және ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету үшін білім алушыларға сапалы және жылдам қызмет көрсету болып табылады.
Білім алушыларды тіркеу және қызмет көрсету Орталығы өз қызметінде:
· сапа саласындағы Esil University саясаты мен мақсаттарын;
· Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын;
· «Esil University» мекемесінің Жарғысын;
· Esil University академиялық саясатын және университеттің басқа да ішкі нормативтік құжаттарын басшылыққа алады.
Білім алушыларды тіркеу және қызмет көрсету орталығына екі құрылымдық бөлімше кіреді:
· Офис регистратор
· Білім алушылардың қозғалысын тіркеу бөлімі.
Офис регистратор (бұдан әрі - ОР) - білім алушылардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізетін және білім алушылардың академиялық рейтингін есептеу мен білімді бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін Esil University академиялық қызметі.
ОР функциялары:
· білім алушының оқу жетістіктерінің барлық тарихын тіркеу және оның академиялық рейтингін есептеу арқылы білімді бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыру;
· "Platonus", "ЕСУВО", "НОБД", "Moodle" және т.б. білім алушылардың деректер базасын енгізуді, қалыптастыруды және жаңартуды жүзеге асыру;
· білім алушылардың сапалық және сандық контингентін талдау және мониторингілеу;
· 1-НК, 3-НК нысандары бойынша жыл сайынғы статистикалық есепті жасау;
· ресми сұраныс бойынша әртүрлі ведомстволар мен мекемелерге әкімшілік есеп беру;
· аралық және қорытынды аттестаттау емтихандарын өткізу нысанын бекітуге дайындау;
· оқытушыларға оқу пәндерін бекіту бойынша жұмысты ұйымдастыру;
· оқу пәндерін тіркеуді және қайта тіркеуді жүзеге асыру;
· транскрипттерді, дипломдардың телнұсқаларын және қосымшаларды беру.
Білім алушылардың қозғалысын тіркеу бөлімі - білім алушылардың қозғалысын есепке алуды жүзеге асырады.
Білім алушылардың қозғалысын тіркеу бөлімінің негізгі міндеттері:
· білім алушылардың жеке істерін есепке алу және сақтау;
· білім алушылар құрамы мен контингент қозғалысының ай сайынғы есебін жүргізу;
· білім алушылардың барлық санаттарын дербес және статистикалық есепке алу.
Білім алушылардың қозғалысын тіркеу бөлімінің функциялары:
· бірінші курс студенттерінің жеке істерін қабылдау комиссиясынан актілер бойынша қабылдау, білім алушылардың дербес деректеріндегі өзгерістер, академиялық демалыстар, оқудан шығару және (немесе) қайта қабылдау және т.б. белгіленген тәртіппен жұмыс жүргізу;
· оқуды аяқтағаннан кейін немесе ЖОО-дан шығаруға байланысты студенттің жеке істерінде құжаттардың түпнұсқаларын беру;
· студенттердің жеке істерінде сақталатын құжаттардың түпнұсқаларының көшірмелерін дайындау және білім алушыларға беру;
· білім алушылар контингентінің қозғалысы бойынша мәліметтер жасау және бұйрықтар дайындау;
· электрондық есепке алу дерекқорын уақтылы толықтыру және жаңарту;
· Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа және аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне анықтама беру;
· білім алушыларды оқыту ұйымдарының сұрауларымен хат алмасуды жүзеге асыру;
· университетке қабылданғаннан кейін оқудың бірінші семестрінде заңда белгіленген тәртіппен нострификация рәсімінің орындалуын бақылау.
Мекен-жайы: А. Жұбанов көшесі, 7 үй, 206, 207 кабинеттер
Телефон: +7 (7172) 725 401, (ішкі: 198)
Е-mail: office_registrar@esil-edu.kz