
Esil University ұжымы алғыс хаттармен марапатталды
Универтитет ұжымы құрметті серіктестер мен іс-шараны ұйымдастырушылардан алғыс хаттармен марапатталып, құрметке бөленді.
Ректор Аяпберген Алданаұлы университет студенттерінің халықаралық форумдар мен сөз сөйлеулерді табысты өткізуге қосқан баға жетпес үлесі үшін "ТехноЛайт" ЖШС Алғыс хатымен марапатталды. Бұл біздің әлемдік білім мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесімізді қолдау деп білеміз!
Сондай-ақ, "Қазақстанның үздік тауары" көрме байқауына белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен ректор Аяпберген Таубаев марапатталды. Бұл біздің керемет жетістіктер мен инновацияларды қолдауға және ілгерілетуге қосқан үлесімізді лайықты мойындау!
XV KAZENERGY Eurasian Forum Kazakhstan Energy WEEK 2023 форумының ұйымдастырушысы "Бизнес және басқару" факультетінің деканы Гүлжан Алинаға форумды ұйымдастыру мен өткізуде Esil University еріктілеріне басшылық еткені үшін алғыс хатпен марапаттады.
Бұл біздің жаңа биіктерді бағындырудағы бастамамыз ғана! Біздің университеттің жетістігіне үлес қосқандардың барлығына алғыс айтамыз!