
Esil University түлегімен кездесу
"Кәсіпкерлік негіздері" пәні бойынша 2021 жылғы "Қаржы" ББ түлегі - Берік Ержанұлымен кездесу өтті.
Берік Ержанұлы үш жыл ішінде "Freedom Finance" АҚ - да бас инвестициялық кеңесші, "Partner Finance" - те қаржы кеңесшісі болып жұмыс істеді және 22 жылы "Bereke Bank" АҚ-ға қазынашылық басқармасы-жетекші дилер болып шақырылды.
Берік Ержанұлы студенттерге өзінің жұмысқа орналасу тәжірибесі туралы айтып, жұмыс берушілермен әңгімелесу бойынша кеңестерімен бөлісті, қарапайым қызметкерден ірі компаниядағы жетекші инвестициялық кеңесшіге және жетекші дилерге дейінгі жолын атап өтті.
Ол сондай-ақ инвестицияларды бастау және инвестициялар саласындағы ең тартымды компаниялар үшін құнды практикалық кеңестер берді. Әңгіме барысында балалар көптеген сұрақтар қойды.
Сондай-ақ, Берік Ержанұлы болашақ түлектерге сәттілік тілеп, университетіміздің түлегі екендігіне мақтаныш білдірді.