
Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерімен кездесу
Esil University-де Астана қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел басқармасы, полиция капитаны Бралин Алмаз Ғабиденұлы және полиция аға жедел уәкілі майор Маратов Әмір Маратұлынан ақпараттық дәріс өтті.
Кездесуде студент жастар арасында саяси, діни және Ұлттық экстремизмнің таралуын болдырмаудың маңызды аспектілері талқыланды.
Барлық студенттер үшін қауіпсіз және төзімді орта құру бойынша құнды білімі мен ұсыныстары үшін алғыс айтамыз!