Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Біліміңді пайдаланып, жұлдыздарды жақ

"Ақпараттық жүйелер және технологиялар" кафедрасында "Біліміңді пайдаланып, жұлдыздарды жақ" ұранымен Physics Battles зияткерлік байқауы өтті.

Ойынның мақсаты: білім алушыларды пәнге тереңірек және жан-жақты зерттеуге ынталандыру, физика сабақтарына қызығушылықты ояту.

"Ақпараттық жүйелер" БББ 2 курс студенттері «Kinetics» (команда капитаны Саян Барлыбаев) және «Ядролық мутанттар» (команда капитаны Сергей Калмыков) 2 топқа бөлініп, интеллектуалды жекпе-жекте физика бойынша терең білімді ғана емес, сонымен қатар, физикалық тақырыптардағы жұмбақтар шешуде тапқырлықты көрсетті, түсіндіруге тырысып, тәжірибелер көрсетті, физикалық терминдерді қолданып "Бір кездері Esil University-де..." – атты шытырман оқиғалы әңгіме құруға тырысты.

Қазылар алқасы физикалық жекпе-жектің қорытындысын «Kinetics» топтың еншісіне бағалады.

Студенттер «Ақпараттық жүйелер және технологиялар» кафедрасының доценті - Касенова Лейла Галимбековнаға қызықты сабақтары, үйретуге деген ұмтылысы және өз қабілеттеріне деген сенімділігін арттырғаны үшін алғыстарын білдірді.