Нашар көретіндерге арналған нұсқа

"Менеджмент" кафедрасы "Топ менеджерлер"зияткерлік байқауын өткізді

«Менеджмент» кафедрасының апталығы аясында аға оқытушы Мария Батайқызының жетекшілігімен «Менеджердің коммуникативтік құзыреттілігі» пәні бойынша 3 курс студенттері арасында "Топ менеджерлер" зияткерлік ойын конкурсы өткізілді.

Сайыс бағдарламасы 3 кезеңнен тұрды:визитная карточка «Өзін таныстыру» - студенттер өздерін топ-менеджерлер ретінде таныстырды; «Бизнес-кейс» - жағдайлық мәселелерге жауап; Менеджердің құзіреттілігін анықтау.

Сайысқа студенттер белсене қатысты және теориялық білімдері мен біліктілігін жоғары деңгейде көрсетті.

Сайыс нәтижесі бойынша «Менеджмент» мамандығы Мен-21/1 тобының студенттері:

«Үздік топ менеджер» - Абдреева Арайлым

1-орын - Жакишева Жанэль

2-орын - Алигожина Анар,

3-орын - Женисова Алтынай тағайындалды.

Бұл сайысқа қонақ ретінде №54 лицей мектебінің 11-сынып оқушылары мен мұғалімдері, студенттер қатысты. Мектеп оқушылары «Менеджмент» кафедрасының «Топ менеджмент» байқауына қатысқан студенттердің біліміне тәжірибесіне, өнеріне риза болып, студент болуға деген қызығушылықтары оянып алғыс білдірді.