Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Esil University студенттеріне сөйлеу мәнері бойынша мастер-класс өткізілді

"Менеджмент" кафедрасының апталығы аясында "Экономика", "Әлемдік экономика және Маркетинг" мамандықтарының 4 курс студенттеріне "көшбасшылық және жеке тиімділік" пәні бойынша "көпшілік алдында сөйлеу дағдылары"тақырыбында қонақ дәріс өткізілді.

Дәріске практик спикерлер Нелли Үркенова мен Нұрлан Төлегенов шақырылды. Іс-шара спикерлері шешендік өнер бойынша практикалық тренинг өткізді. Сабақ барысында практикалық кеңестер және дикцияны қою бойынша тапсырмалар беріп, көпшілік алдында сөйлей кезінде импровизацияны қалай жасауға болатындығын түсіндірді.

Студенттер қызығушылық танытып, және белсенді сұрақтар қойды. Нелли мен Нұрланға жасаған жұмысы үшін алғыс айтамыз. Сондай-ақ, "Менеджмент" кафедрасының оқытушыларына қызықты іс-шаралар өткізгені үшін алғыс айтамыз.