Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Esil University-де ұлттық валюта күні қарсаңында дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні қарсаңында Esil University-де Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті, ҚР жоғары аудиторлық палатасы ММ, "Банк Фридом Финанс Казахстан" АҚ, Форте Банк өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Сондай-ақ шақырылған қонақтар қатарында қазақстандық қаржыгер, банкир, экономист, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бірінші төрағасы Ғалым Байназаров бар.

Дөңгелек үстел "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңгенің 30 жылдығы: қаржы –кредит жүйесін дамытудың қазіргі жағдайы мен трендтері" тақырыбында өтті, оның шеңберінде теңгенің Қазақстан Республикасының экономикасына маңыздылығы мен әсері талқыланды, сондай-ақ қаржы-кредит жүйесін дамытуға байланысты өзекті мәселелер қаралды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бірінші төрағасы, теңгені жасаушы ғалым Байназаровқа көп жылғы еңбегі және университетпен әріптестігі үшін "Esil University құрметті профессоры" атағы берілді.

Айта кету керек, Esil University "Қаржы" кафедрасының түлектері мемлекеттік қаржы органдарында: министрліктерде, комитеттер мен ведомстволарда, Мемлекеттік кірістер және Қазынашылық департаменттері мен басқармаларында, ұлттық компанияларда, Ұлттық банктің филиалдарында, Екінші деңгейдегі банктерде, кредиттік ұйымдарда, сақтандыру компанияларында, инвестициялық қорларда жұмыс істейді.