
Esil University Astana Hub-қа барды
Esil University студенттері "Ақпараттық жүйелер" кафедрасының апталығы аясында Astana Hub технопаркіне барды.
Экскурсия барысында олар технологиялық кәсіпкерлік мүмкіндіктері мен IT саласы және оқыту тәсілдерімен танысты. Сонымен қатар IT саласында мансапты бастау және өз стартапын құру жөнінде мол ақпарат алды.
Айта кетейік, Astana Hub-бұл жай технопарк емес, бұл Орталық Азиядағы IT-стартаптардың ірі халықаралық технопаркі!
Біз студенттеріміздің осындай бірегей тәжірибе алғанын мақтан тұтамыз және бұл Astana Hub-пен жемісті ынтымақтастығымыздың бастамасы ғана екеніне сенімдіміз.
Алдағы уақытта біздің студенттер технология әлемінде жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктерге жетеді деп күтеміз!