Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Университетте факультеттердің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі комиссия жұмыс істейді.

Қолданбалы ғылымдар факультетінің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Комиссия оқытушылардың сабақтарына қатырсып, білім сапасын бақылауда. Бұл жолы "Құқықтану" бағыты бойынша PhD докторы Ләззат Нұрлымбаева  дәріс сабағына қатысты.

Лектор "Экономикалық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету" білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне сабақ өткізді.

Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның міндеттері біздің университеттің білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша оқу-әдістемелік және оқу-ұйымдастыру жұмысы мәселелері бойынша реттеу мен консультациялаудың Бірыңғай ішкі тетігін құру, сондай-ақ университетте білім беру сапасын арттыруға және білім беру сапасының жай-күйі, оның өзгеру үрдістері және оның деңгейіне әсер ететін себептер туралы объективті ақпарат алуға жәрдемдесу болып табылады.

Осылайша, екі факультеттегі бұл комиссия әрбір білім бағдарламасында оқыту сапасын арттыруға ықпал етеді және білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамы арасында кері байланысты жүзеге асыруға көмектеседі.