
Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі департаментінің превенция басқармасы өкілдерімен кездесуі
Esil University-де студенттердің Астана қаласында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаменті превенция басқармасының өкілдерімен кездесуі өтті.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астанадағы департаментінің превенция басқармасының басшысы Әсет Қанышұлы Оспановтың, сондай-ақ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астанадағы Превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Алмагүл Еркінқызы Кенебаеваның қатысуымен өткен іс-шара аясында студенттер өзекті мәселелерді талқылауға және қоғамдағы сыбайлас жемқорлық мәселесін егжей-тегжейлі қарауға мүмкіндік алды.
Бұл кездесу университет қауымдастығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және интеграцияны дамытуға жәрдемдесудегі маңызды қадам болды.