Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Университеттер арасындағы алғашқы футбол шоу-матчы

Біздің Esil University командасы мен дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының командасы арасында  қызықты шоу-матч өтті. Бұл күн қуат пен күтпеген бұрылыстарға толы болды.

Esil University командасын студенттер Мақашев Тұрар, Хамит Абай, Бақытбекұлы Әнуар, Ақанов Данияр, Жолшорин Әлішер, Жұмағали Ернат, Қабалилманов Нұрасы, Серік Ержан, Липатов Павел, Жомарт Арман, сондай - ақ қазақстандық футболшы және SD Family футбол клубының иесі - Дидар Сыдықбек ұсынды.

Студенттер алаңда керемет спорттық шеберлік пен командалық рухты көрсетті. Спорт бізді біріктіреді және өмірге жарқын эмоциялар әкеледі, ал бүгінгі матч осының айқын дәлелі болды. 

Біз барлық қатысушыларға күш-жігері мен төзімділігі, керемет ойыны және нағыз спортттық шеберлік үшін алғыс білдіреміз.