
Студенттер ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайына барды
«Туризм» Білім бағдарламасы бойынша екінші курс студенттеріне ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайы базасында «Туристік өлкетану» пәні бойынша PhD, доцент Ж.А. Садықовтың көшпелі сабағы өткізілді.
Студенттер сабақ барысында еліміздің Қарулы күштерінің тарихымен танысты. Қазақстандағы қару-жарақ қоры жайында ақпаратты білуге мүмкіндік алды. Әртүрлі әскер түрлерінің: атап айтқанда әуе қорғанысы, әскери-теңіз және құрлық күштерінің экспозицияларымен танысты.
Мұражайда Қазақстан армиясының бұрынғы және қазіргі әскери формалары, наградалары, қару-жарақтары ұсынылған.
Масштабта әскери ұшақтардың, тікұшақтардың, кемелер мен танктердің нақты макеттері жасалды. Олардың ішіндегі ең қызықтысы-Т-72 танкі, Су-25 шабуылдаушы ұшағы және «Торнадо» шағын кемесі.