
Esil University-де "Ақпараттық жүйелер және технологиялар" кафедрасының ашық есік күні өтті
Esil University-де Астана қалалық №28 - мектебінің 10-11 сынып оқушыларына арналған "Ақпараттық жүйелер және технологиялар" кафедрасының ашық есік күні өтті.
Профессор-оқытушылар құрамы Раушан Жылбағамбетова мен Марат Жұмашев "Android үшін мобильді қосымшаларды құру негіздері: нөлден бірінші жобаға дейін" тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Сонымен қатар, оқушыларға университет ішінде, Tik-Tok студия, кітапхана және аудиторияларда экскурсия өткізілді. Оқушылар Esil University студенттерінің өмірімен танысуға мүмкіндік алды.