Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Esil University студенттері «АЛЖИР» мұражайына барды

Esil University студенттері, оқытушылармен бірге кураторлық сағат аясында «АЛЖИР» мұражай кешенін өз көздерімен көруге мүмкіндік алды.

Балаларға мұражай экспонаттарының көмегімен ХХ ғасырдың тарихы таныстырылды. Сондай-ақ студенттерге «АЛЖИР» тұтқындарының қиын өмірі туралы баяндалып, мұражай экспонаттарын, соның ішінде бақылаушылардың жабдықтары, тұтқындар тұрған казармалардың макеттері, фотосуреттер, қолөнер бұйымдары, «Отан сатқындарының әйелдерінің»жеке заттарын көрсетті.

Айта кетейік, «АЛЖИР» сапары Қазақстан тарихы бойынша теориялық білімді іс жүзінде бекітуге бағытталған.