Нашар көретіндерге арналған нұсқа

“ҚАРТЫ БАР ЕЛ - ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ”

Халқымыз қашанда үлкенді қадір тұтып, сый-құрмет көрсетіп, төріне шығарған. Бүгін Esil University- де арнайы шақырылған ардагер оқытушылар мен ұжымның үлкендері ардақталды.

Ректор Аяпберген Таубаев қонақтарға жылы лебізін білдіріп, ақжарма тілегін жаудырды. Жастарды үлкендерге құрмет көрсетуге шақырды.

Университет студенттері мерекелік кеште керемет қойылымдарымен қуантты. Қазыналы қарттарымыз - ұлтымыздың даналығы мен дәстүрін сақтап, кейінгі толқын жастарға үлгі-өнеге көрсетуде.

Осы күні үлкендерге отбасыларына амандық, дендеріне саулық, қажымас қайрат тілейміз. Мәртебелеріңіз арта берсін!