
Esil University студенттері ҚР Мәжілісінің депутаты Динара Шукижановамен кездесті
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Динара Шукижанова Аманжеловна Esil University студенттерімен кездесті.
Кездесу "Мемлекет пен қоғамның жастармен жұмысының тиімді үлгілері" тақырыбында өтті. Динара Аманжеловна өзінің еңбек қызметі туралы, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін қазір қандай сын-қатерлер мен міндеттерді қабылдау қажеттігі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Депутат сонымен қатар студенттерге мансап таңдауда және қоғамдық және саяси қызметке қатысуда пайдалы болатын құнды кеңестерімен бөлісті.