
НҰРЛАН ИМАМ ESIL UNIVERSITY-де
Esil University-де Астана қалалық «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы, теолог, психолог белгілі дінтанушы Нұрлан имам студенттермен және оқытушылармен кездесу өткізді.
Нұрлан Байжігітұлы көпшілік арасында TikTok желісі арқылы танымал әрі жастарға қарапайым тілмен тәлім-тәрбие, отбасылық құндылықтарды насихаттап жүрген имам. Дін мен дәстүрді дәріптеу арқылы желідегі жұртшылықтың жүрегіне жол тауып, сан түрлі сауалдарына жауап беріп жүрген маман.
Кездесуде Нұрлан қажы егеменді елдің болашағы – жастардың тәрбиесінен бастап, отбасылық құндылықтар, имандылық, үлкенге құрмет, кішіге қызмет, жат ағым зардабы, ел бірлігі, ата-баба дәстүрі, қасиетті Ислам дінінің құндылықтары туралы әсерлі әңгіме өрбітіп, өмірінде кездескен әр түрлі жағдайларды мысал ете отырып, жастарымызға ұлағатты насихат жеткізді.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Естелік суретке түсті.