
Есіл өзенінің бастауында университет туы көтерілді!
«Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының 3-курс студенттері, Esil University оқытушылары мен қызметкерлері Есіл өзенінің бастауына туристік жорық жасап, Нияз тауларында университет байрағын желбіретті.
Айта кетейік, бұл саяхат студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, топтық рухты көтеріп, жаңа білім мен жетістіктерге ұмтылудың нашаны болып табылады.
Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі тау мен өзен аясындағы сапар студенттердің көңілінен шығып, есте қаларлық сәттерге толы болды деп үміттенеміз.