
Esil University-ге француз университетінің Париж колледжінің өкілдері келді
Esil Universirty академиялық қызмет және ғылым жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Турекулова Даметкен және Bechara El NAMMAR қос диплом мәселелерімен айналысатын Colledge de Paris халықаралық бөлімінің басшысы ғылыми-білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі мәселелерді талқылап, пікір алмасты.
Осы оқиғаға байланысты ұйымдастырылған кездесуге Esil University халықаралық бөлімінің басшысы Элмира Заданова да қатысты. Сапардың негізгі мақсаты жалпы Esil University білім беру қызметімен, әсіресе университет оқытушылары мен студенттерімен танысу болды.
Француз Тарапы өз кезегінде Esil University басшылығына жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, жемісті ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.