
"Ахмет Байтұрсынов – Қазақстан тарихындағы тұлғаның рөлі" өткізу туралы есеп
Esil University–де "Ахмет Байтұрсынов – Қазақстан тарихындағы тұлғаның рөлі"тақырыбында дәріс-презентация өткізілді.
Іс-шараны ұйымдастырушылар - "Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасы (кафедра меңгерушісі – Д.Байдрахманов, "Жалпы білім беретін пәндер" секциясы, оқытушылар – М. Байдалина, Э. Сеитов). Іс-шараны өткізуге 1 – курс студенттері қатысты.
Аға оқытушылар М.Байдалина, Э.Сеитов А.Байтұрсыновтың қоғамдық – саяси, мәдени-ағартушылық қызметін егжей-тегжейлі сипаттап, студент жастардың бойында отансүйгіштік рухын тәрбиелеу, Қазақстан тарихы мен мәдениетін құрметтеу қажеттілігіне ерекше назар аударды. Тақырыптық бейнематериалды көру аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды.