Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Республикалық ғылыми-техникалық кітапхананың президентімен кездесу өтті

Esil University-нің Ғылыми кітапханасында Республикалық ғылыми-техникалық кітапхананың президенті Маринат Қайырбайқызы Бапиевамен кездесу өтті.

Кездесуге университетіміздің Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының басшысы Дмитрий Улыбышев те қатысты.

Кездесу барысында кітапханалық - ақпараттық қызмет көрсету, профессорлық- оқытушылық құрамға патенттік қорлар бойынша консультациялық қызмет көрсету, нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету және магистранттар мен докторанттарға тақырыптық іріктеу сұрақтары талқыланды.