Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Esil University ректоры "Ғылымға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды

Esil University ректоры Аяпберген Таубаев мерейтойына байланысты Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды!

Аяпберген Алданайұлы Таубаев-қазіргі әлемнің өзекті экономикалық міндеттерін шешуге зор үлес қосқан Қазақстанның белгілі ғалым-экономисі. Ол бюджеттік гранттар есебінен қаржыландырылатын 10-нан астам жобалар мен бағдарламалардың жетекшісі және қатысушысы болды, мемлекеттік органдар мен жеке бизнестің мүддесі үшін іске асырылған 20-дан астам жобаларға қатысты. Ол Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикасының инновациялық даму теориясы мен әдіснамасына, әсіресе оның жоғары технологиялық секторына елеулі үлес қосты. Осы жетістіктердің барлығы бүкіл әлем бойынша жарияланған 230-дан астам ғылыми еңбектерде көрініс тапты.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта оның басшылығымен ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін 3 диссертация және философия докторы дәрежесін алу үшін 5 диссертация сәтті қорғалды. Ол осы кезге дейін жас экономист ғалымдардың жаңа буынын белсенді тәрбиелеуді жалғастыруда.

Ғылыми-педагогикалық қызметі үшін бірнеше рет түрлі сыйлықтармен, атап айтқанда 2004 жылы дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиямен, 2015 жылы ҚР БҒМ "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағымен, 2021 жылы ҚР БҒМ "үздік ғылыми қызметкері" атағымен марапатталды.

Аяпберген Алданайұлын ғылыми дәрежедегі ерен еңбегінің жемісімен шын жүректен құттықтаймыз. Қазақстанды ғылым мен білімнің дамуы жолында жоғары белестерге жетелей беруін тілейміз.