Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Esil University студенті республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында 2 орын алды

Esil University студенті Құдретбай Құндызай Болатбекқызы экономикалық ғылымдар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауында II дәрежелі диплом иегері атанды.

Ғылыми жетекшісі - экономика ғылымдарының магистрі, "Қаржы" кафедрасының аға оқытушысы Алашбаева Н.М. Ғылыми жұмыстың тақырыбы "Қазақстанда екінші деңгейлі банктердің цифрлық технологиясын жетілдіру жолдары".

«Конкурсқа мақала жазған кезде өте көп деректер жинадым. Ол үшін әр түрлі желілер мен кітаптарды пайдаландым. Ғылыми жетекшімнің көмегінің арқасында байқауға дайындық жеңіл өтті», - деп атап өтті студент.

Құндызай мен оның ғылыми жетекшісі Алашбаева Нұрсұлу Мұханбетқызын студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауында  жүлделі орын иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз, Сондай-ақ, шығармашылық жеңістер мен жетістіктер тілейміз!