
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің мамандарымен кездесу
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы Қ.Сатар және “Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі” жобасының түлегі С.Нұржанқызы Esil University мекемесінің бітіруші түлектерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында, мемлекеттік секторға таланттар пулын іздеу және тарту мақсатында өткізілетін “Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі” жобасының іріктеу кезеңдері бойынша толық ақпарат берілді.
Сондай-ақ, түлектерге мемлекеттік қызметке кіру ережелері, тестілеуден өту тәртібі, конкурс өткізу рәсімдері және мемлекеттік қызметке орналасу ережелеріне қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қызықтырған сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.