Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Президент Жолдауын талқылау бойынша кураторлық сағат өткізілді

2023 жылғы 4-12 қыркүйек аралығында "Бизнес және басқару" факультетінің кураторлары Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша ашық кураторлық сағаттар өткізді.

Кураторлық сағаттар Бизнес және басқару факультетінің студенттері арасында ұйымдастырылды. Кураторлық сағаттың мақсаты студенттермен Жолдаудың мақсаты, міндеттері мен мазмұнын талқылау болды.

Студенттер Президент белгілеген негізгі тезистерді, сондай-ақ олардың әлеуметтік және саяси мағыналарын талқылай отырып, белсенді пікірталас жүргізді.