Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Тілдер күні Esil University-де өтті

«Esil University» мекемесінде 5-22 қыркүйек аралығында А.Байтұрсыновтың туған күнімен орайластырылған Қазақстан халқы тілдері күніне іс-шаралар өтілуде.

Бүгін осыған байланысты «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының арнайы жоспары бойынша п.ғ.к., доцент А.Ж. Досанова «А.Байтұрсыновтың сауат ашу әдістемесіне қосқан үлесі» атты тақырыпта ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Ғылыми-әдістемелік семинар А.Байтұрсыновтың сауат ашу саласына қосқан ғылыми-әдістемелік мәселелерін саралау мақсатын көздеді.

Семинарға кафедра меңгерушісі Д.Х. Байдрахманов және оқытушы-профессорлар, студенттер қатысты. Қатысушылар жалпы сауат ашу мәселелері жөніндегі А. Байтұрсыновтың әдістемелік еңбектерімен танысып, ғалымның “Әліп-бій” атты сауат ашу оқулығының әр жылдары шыққан басылымдарының мазмұны мен құрылымы, әдістемелік негіздері жайлы көптеген мәліметтермен хабардар болды. Семинар соңында қатысушылар өзара пікірлерімен бөлісіп, сұрақтар қойып, ризашылықтарын білдірді.