
БАРЛЫҚ ESIL UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ ЖАТАҚХАНАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН
Депутаттар мен БАҚ өкілдері студенттік жатақхананың жаңа оқу жылына дайындығын тексеру мақсатында Esil University-ге барды.
2023-2024 оқу жылына жатақханаға өтінімдер онлайн және офлайн түрде қабылданады. Бүгінгі таңда жатақханада тұруға 200 – ден астам өтінім келіп түсті, оның 70-і грант иегерлері мен бірінші курс студенттері.
"Біз алға қойған басты мақсаттардың бірі – студенттердің өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және қамтамасыз ету. Келешекте 500 орындық студенттерге арналған жаңа заманауи жатақхана ғимаратын салу жоспарлануда", - деп атап өтті профессор, э.ғ.д., Esil University ректоры Таубаев Аяпберген.
2022-2023 оқу жылында жатақханада 154 студент тұрды. Алдағы оқу жылына 200 студент орналасады деп жоспарлануда.