Нашар көретіндерге арналған нұсқа

ПРЕСС-РЕЛИЗ:Грантқа құжаттарды Esil University-ге де беруге болады.

Құжаттарды сіз таңдаған университетке қарамастан, Астана қаласы, Жұбанов 7 көшесіндегі Esil University бас ғимаратында тапсыруға болады.

Құжат тапсыруда тәжірибелі кеңесшілер, қабылдау комиссиясы мүшелерінің құрамы көмектеседі, компьютерлердің көп болуына байланысты құжаттарды тапсыру мерзімі 15 минут және ұзақ кезекте тұрмайсыз.

Биыл Esil University 11 мамандық бойынша грантқа түсуге құжаттарды қабылдайды. Толығырақ мына жерден білуге болады (https://esil-univer.kz/).

Анықтама:

1999 жылы Нархоз филиалы (ҚазЭУ) құрылды, кейіннен ЖОО Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (ҚазЭҚХСУ) болды. 2022 жылы ребрендинг жүргізу туралы шешім қабылданды, ЖОО Esil University – көпсалалы, кәсіпкерлік болды.

"Атамекен" ҰКП рейтингінің нәтижелері бойынша университеттің барлық бағдарламалары бағаланды. Біздің түлектеріміздің 85 пайыздан астамы университетті бітіргеннен кейін мамандықтары бойыншп жұмысқа орналасады.

Студенттер халықаралық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері. Мысалы, осы айда "Ақпараттық жүйелер", "Ақпараттық жүйелер және деректерді қорғау" мамандығының студенттері "students Cup 2023/2024" (Словения қ.) халықаралық ғылыми жұмыстар байқауында 3-орынға ие болды.

Айта кетейік, студенттер арасында кәсіпкерлікті дамытумен айналысатын жастар бизнес-инкубаторы qazinnovations республикалық тізіміне қосылды.

Резидент емес студенттерге жатақхана беріледі.