
Esil University студенттері "Human Capital Day" форумына қатысты
"Бизнес және басқару" факультеті Esil University студенттерінің 2023 жылғы 18-19 мамыр аралығында Астана қаласындағы "Rixos President" қонақ үйінде өткен "Human Capital Day" форумына еріктілер ретінде қатысуын ұйымдастырды.
Ауқымды іс-шараларға қатысу студенттерге баға жетпес тәжірибе алуға, коммуникативтік қабілеттерін ашуға, білімдерін жетілдіруге және қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Студенттер қонақтарды тіркеумен айналысты, сауалнама жүргізді және келушілерді іс-шаралар бағдарламасы туралы хабардар етті. Алғыс хаттармен марапатталды.