Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Студенттер Busworld Central Asia 2023 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруға қатысты

"Бизнес және басқару" факультеті Esil University студенттерінің busworld Central Asia 2023 халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер ретінде қатысуын ұйымдастырды.

  Халықаралық мамандандырылған көрме 2023 жылғы 17-20 мамыр аралығында Астана қаласының "ЕХРО" халықаралық көрме орталығында өтті.

 Esil University студенттері баға жетпес тәжірибе мен коммуникативтік қабілеттерін ашуға мүмкіндік алды, шет тілдерін жоғары деңгейде меңгергендіктерін көрсетті. Сонымен қатар студенттер алғыс хаттармен марапатталды.