
Esil University деканы XII Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты
2023 жылғы 25-26 мамырда онлайн-форматта "Қазіргі заманғы экономика мәселелері: жаһандық, ұлттық және өңірлік КОНТЕКСТ"(Гродно, Беларусь) ХІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, онда Esil University конференцияның тең ұйымдастырушысы болды.
Бұл іс-шараға Esil University Бизнес және басқару факультетінің деканы Алина Г. Б. қатысты.
Конференция барысында ұлттық және өңірлік деңгейде инновациялық қызметті жандандыру; цифрлық трансформацияның қаржы жүйесі мен бухгалтерлік есепті дамытуға әсері; әлеуметтік-экономикалық процестерді зерттеудің математикалық және аспаптық әдістері; әлемдік және ұлттық экономикадағы цифрлық маркетингті дамыту сияқты жұмыстың негізгі ғылыми бағыттары талқыланды.