
Ректор мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысты
Esil University ректоры Аяпберген Таубаев Мемлекет басшысының қатысуымен "Атамекен" этномемориалдық кешенінде өткен мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсіміне қатысты.
Іс-шара барысында әскери жоғары оқу орындарының үздік түлектері Президенттің қолынан офицерлік погондармен марапатталды.
Президент сондай – ақ әрбір азаматтың міндеті-қасиетті рәміздерді құрметтеу екенін атап өтті. Осы тұрғыда ол бүгінгі рәсімнің тәрбиелік маңыздылығын атап өтті.
Президент пен рәсімге қатысушысылар алдында Мемлекеттік күзет қызметі, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігінің қарауыл ротасы салтанатты шерумен өтті.